Қарқаралы ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № VIII-11/79 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 қазанда № 6508-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарқаралы ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Қарқаралы аудандық мәслихатының мынандай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      Қарқаралы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы XXIX сессиясының № 29/243 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2654 болып тіркелген);

      Қарқаралы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 қарашадағы XXXIII сессиясының № 33/283 "Қарқаралы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы XXIX сессиясының № 29/243 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2862 болып тіркелген).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы аудандық мәслихатының төрағасы С. Оспанов

  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2023 жылғы 23 қазандағы
№ VIII-11/79
шешіміне қосымша

Қарқаралы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

      1. Қарқарлы ауданында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес әзірленді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі – шығындарды өтеу Қағидалары).

      2. Жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан алынған анықтама негізінде жүргізіледі.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедектігі бар балалардан және ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4.Үйде оқыту шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқыту шығындарын өтеу өткен айға жүргізіледі. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуына, мүгедектік мерзімінің аяқталуына, мүгедектігі бар баланы мемлекеттік мекемелерде оқыту кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуына, Қарқаралы ауданының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға көшуіне) әкеп соққан мән-жайлар туындаған кезде төлем келесі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқыту шығындарын өтеу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға ай сайын екі айлық есептік көрсеткішке тең.

      Оқу шығындарын өтеуді ұсынуға арналған шығыстарды қаржыландыру Қарқаралы ауданның бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүргізіледі.

      Оқу шығындарын өтеу өтініш берілген айдан бастап және уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы сомаларды өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен төлейді.

      Артық төленген сомалар шығындарды өтеу ерікті тәртіппен, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу Қағидаларына 3-қосымшаның сегізінші жолында көзделген, бұл ретте қандастар жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігін ұсынады.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздер шығындарды өтеу Қағидаларына 3-қосымшаның тоғызыншы жолында көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады