Қарқаралы ауданында 2015 жылға арналған салық салу объектiсiнiң бiрлiгiне тiркелген салық ставкаларының мөлшерлерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы XХХIV сессиясының № 34/295 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 қаңтарда № 2950 болып тіркелді. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады (Қарқаралы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздағы № 51 хаты)

      Ескерту. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады (Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 03.03.2016 № 51 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Кодексiне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Қарқаралы ауданында 2015 жылға арналған салық салу объектiсiнiң бiрлiгiне тiркелген салық ставкаларының мөлшерлерi, осы шешiмге қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы:
С. Раимбеков
Аудандық мәслихат хатшысы:
С. Нүркенов

      
      КЕЛIСIЛДI:
      "Қарқаралы ауданы бойынша
      мемлекеттік кірістер басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      ________________Е. Сатымбаев
      24 желтоқсан 2014 жыл

 
Қарқаралы аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 34/295 шешіміне
қосымша

Қарқаралы ауданында 2015 жылға арналған салық салу объектiсiнiң бiрлiгiне тiркелген салық ставкаларының мөлшерлерi


 
Салық салу объектiсiнiң атауы
 
Айына тiркелген салық ставкаларының мөлшерлерi (айлық есептiк көрсеткiштер)
 
1.
 
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
 
5
 
2.
 
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
 
7
 
3.
 
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
 
4
 
4.
 
Ойын жолы
 
7
 
5.
 
Карт
 
5
 
6.
 
Бильярд үстелi
 
3
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады