Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 241 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 2615 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 47 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 23.10.2023 № 47 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар мүгедектер қатарындағы кемтар әр балаға тоқсан сайын 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

      2. Келесі тәртіп айқындалсын:

      1) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

      2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

      3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеу тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша тұрақты комиссиясына (Н.Сүлейменов) жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

С. Меркулов

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Б. Шайжанов

КЕЛІСІЛДІ:


"Нұра ауданының


жұмыспен қамту және әлеуметтік


бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің басшысы

Г. Жүпенова


      01.04.2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады