Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Гүлнәр Такуқызы Жүпенова) квотаға сәйкес, бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мүгедектерді жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Қосанқызы Құтжановаға жүктелсін.
4. Нұра ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 07/44 "Нысаналы топтардағы мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-14-23 тіркелген, 2006 жылғы 3 маусымдағы № 24 "Нұра" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Бексұлтанов |