Нұра ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 13/06 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Нұра ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндеттерін атқарушысы Салтанат Аққошқарқызы Мұқановаға жүктелсін.
      Аудан әкімі Н. Омарханов

  Нұра ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 6 мамырдағы
№ 13/06 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылған Нұра ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары

      1. Нұра ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 07/02 "Нұра ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2574 болып тіркелген, аудандық "Нұра" газетінде 2014 жылдың 19 сәуірінде № 16, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 4 мамырда жарияланған).
      2. Нұра ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 13/02 "Нұра ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2660 болып тіркелген, аудандық "Нұра" газетінде 2014 жылдың 5 шілдеде № 27, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 2 шілдеде жарияланған).
      3. Нұра ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 01/03 "2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3653 болып тіркелген, аудандық "Нұра" газетінде 2016 жылдың 13 ақпанында № 6, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 24 ақпанында жарияланған).
      4. Нұра ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 01/04 "2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3652 болып тіркелген, аудандық "Нұра" газетінде 2016 жылдың 20 ақпанында № 7, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 24 ақпанында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады