Нұра аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы 24 сессиясының № 223 "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы 28 сессиясының № 286 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 шілдеде № 2695 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Нұра аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы 24 сессиясының № 223 "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2487 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 15 қаңтарда, 2014 жылғы 8 ақпандағы № 6 (5343) "Нұра" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің 6-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "6. 2014 жылға арналған азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен белгiленедi.".
      2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ғ. Нығметов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Б. Шайжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Нұра ауданының экономика және
      қаржы бөлімінің басшысы
      М. Мұхамеджанова
      02 шілде 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады