Нұра аудандық мәслихатының 26 сессиясының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 240 "2014 жылы Нұра ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген деңсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі 30 сессиясының № 327 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 қазанда № 2791 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Нұра аудандық мәслихатының 26 сессиясының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 240 "2014 жылы Нұра ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген деңсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2616 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 18 (5355) "Нұра" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағыкіріспедегі және 1-тармағындағы "ветеринария" сөзі "агроөнеркәсіптік кешен" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Э. Таттыбаев

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б. Шайжанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Экономика және қаржы
      бөлімінің басшысы                          М.С. Мухамеджанова
      16 қыркүйек 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады