Ескерту. Тақырыбына өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 12.09.2014 N 327 (ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 12.09.2014 N 327 (ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
1. 2014 жылы Нұра ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы түрінде және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш берген сәтіне, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 12.09.2014 N 327 (ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
2. Нұра аудандық мәслихатының 17 сесиясының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 "2013 жылға арналған Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2307 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 сәуірдегі № 16 (5303) "Нұра" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С. Меркулов
Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Шайжанов
КЕЛІСІЛДІ
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы
М.С. Мухамеджанова
01.04.2014 жыл