"Қарағанды облысы Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 24/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қарашада № 2827 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 13/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 06.05.2016 № 13/01 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы " Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы", 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 "Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Жарлықтарына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Қарағанды облысы Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Салтанат Аққошқарқызы Мұқановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі.

Аудан әкімі
Қ. Бексұлтанов

      

 
Нұра ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "23" қазандағы
№ 24/03 қаулысымен бекітілген

"Қарағанды облысы Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарағанды облысы Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мемлекеттік мекеменің ішкі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кенті, Абай көшесі,48, индексі 100900.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қарағанды облысы Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мемлекеттік мекеме қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік мекемеге мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынды.
      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы: халықтың әлеуметтік әлсіздіктерін, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бірынғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамаларына сәйкес ауданының басқа мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру болып табылады.
      14. Міндеттері:
      1) өтiнiш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлерге жұмыс күшiмен қамтамасыз ету мүмкiндiгi туралы хабарлап отыру;
      2) жұмыссыздарды еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес, кейіннен оларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу;
      3) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды өздері өтініш білдірген жағдайда, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберу;
      4) жұмыссызға оның жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы анықтама беру;
      5) халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының күйi туралы хабарлау;
      6) жұмыссыздарды олардың келiсiмiмен қоғамдық жұмыстарға жiберу;
      7) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге, жұмысқа орналастыру және оқу үшiн жолдама беру;
      8) еңбек рыногы бойынша деректер банкiн түзу;
      9) адамдар өтiнiш жасаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей тiркеу, оларды есепке қою;
      10) кәсiби бағдарлау iсiнде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсету;
      11) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыру;
      12) аз қамтылған азаматтарды есепке алу және шығару бойынша шараларды жүзеге асыру, аз қамтылған азаматтар мәліметтерін базаға уақытылы және дұрыс еңгізу;
      13) аз қамтылған халық жіктеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      14) кедейлік шегінен төмен тұратын және атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждар контингентін анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      15) тұрғын үй жәрдемақылар тағайындау жұмысын жүргізу;
      16) халық арасында түсініктеме жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккендерге, сауықтырылған азаматтарға, әскери қызметте қайтыс болғандардың отбасыларына, сондай-ақ жеңілдікке үміткер халықтың басқа да жіктеріне мемлекеттік нормативтік – құқықтық актілеріне сәйкес бірмезгілдік өтемақы мәселері жөнінде селолық округ әкім аппараттарына әдістемелік көмектер көрсету;
      17) жалғыз басты азаматтарға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      18) мүгедектерді жүріп- тұру құралдарымен қамтамасыз етуде көмек көрсету;
      19) психоневралогиялық және қарттар мен мүгедектерге арналған интернат – үйлеріне орналасуға мұқтаж азаматтарды, соның ішінде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі арқылы анықтау және оларды сол мекемелерге жіберу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      20) кемтар балаларды әлеуметтік қолдау, соның ішінде үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері арқылы әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      21) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
      22) мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
      23) мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
      24) қоғамдық бірлестіктермен (мүгедектер қоғамымен, қайырымдылық қорлармен, ардагерлер ұйымдары және басқа коммерциялық емес мекемелермен) бірлесіп аудан азаматтарын әлеуметтік қорғау көрсету мәселері жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
      25) қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;
      26) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық - әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу;
      27) үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу;
      28) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;
      29) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау;
      30) жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу;
      31) жұмыссыз азаматтарға аңықтама беру;
      32) адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру;
      33) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын аңықтама беру;
      34) мүгедектерді санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
      35) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;
      36) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
      37) тұрғын үй көмегін тағайындау;
      38) жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою;
      39) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу;
      40) халықтың әлеуметтік жұтаң жіктеріне қайырымдылық және әлеуметік көмек көрсету саласындағы үйлестіру қызметін іске асыру;
      41) халықтың және заңды тұлғалардың арасында ақпаратты-түсініктемелік жұмыстарды өткізу, бөлім құзыретіне жатқызылған мәселер бойынша азаматтардың хаттарын, шағымдарын және жеке жолдауларын белгіленген тәртіпте қарастыру, облыстың басқа аудандық басқармаларымен және бөлімдерімен жұмыс тәжірибиесімен алмасу, халықты жұмыспен қамту мәселерін қарастыратын атқарушы билік органдардың, жұмыс берушілер бірлестіктерінің және кәсіподақтардың өкілдерінен құрылатын консультативтік комиссияларының және жұмысшы топтарының жұмыстарына қатысу.
      15. Функциялары:
      1) халықтың аз қамтылған топтарына көмек көрсету бойынша қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және оны өткізуде әрекеттесу;
      2) өңірдегі әлеуметтік-экономиқалық өзгерістерге талдау, жұмыспен қамту қызметіне арыз бергендердің жұмыссыздардың кәсіби құрамының бос жұмыс орнына сәйкестігін жүргізу, дисбаланс себебін анықтау және еңбек нарығын реттеу жөнінде шұғыл шаралар қабылдау;
      3) нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін халықты жұмыспен қамту аумақтық бағдарламаны және арнайы іс-шаралар жүзеге асыру;
      4) көп балалы отбасыларды, аналар мен балаларды қорғауды, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектері және олардың отбасы мүшелерін, әлеуеметтік қорғауда мұқтаж халықтың басқа жіктерін қолдау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
      5) Ұлы Отан соғысына қатысқандар, Ұлы Отан соғысы мүгедектері және соған теңестірілген тұлғаларға жеңілдік беру және оларды әлеуметтік қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнама актілерін іске асыру;
      6) мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заң шығару актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекеменің негізгі бағыттары мен қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті құқықтар белгіленген.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажет құжаттарды, қорытындыларды, анықтамаларды және басқа материалдарды ауданның жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ меншік нысанындағы ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттік мекеме құзыретіне еңгізілген мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар қызметіне әдістемелік басқаруды жүзеге асыруға, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаларды қолдану жөнінде түсініктеме береді;
      3) жұмыс берушілерден болжамды құрылымдық өзгерістер және басқа іс-шаралар туралы, соның нәтижесінде қызметкердің жұмыстан босатылуы туралы ақпарат, сондай-ақ жұмыс күшіндегі қажеттілік, босатылған, қабылданған және жұмыстан шыққан жұмыскерлердің саны және кәсіптік – біліктілік құрылымы туралы басқа да мәліметтер алуға құқылы;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген басқа да өкілеттіліктерді іске асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік мекеме басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы арқылы жүзеге асырады.
      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын ауданның әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмыскерлерінің міндеттерін және өкілеттерін анықтайды;
      2) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
      3) заңмен бекітілген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза белгілейді;
      4) мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;
      5) мемлекеттік мекеменің мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда мүддесін көрсетеді;
      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға және осы әрекеттер болдырмауға жеке жауапкершілігін арттыруға міндетті;
      7) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқа өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      20. Мемлекеттік мекеменің аппараты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын, мемлекеттік органның басшысы арқылы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Мемлекеттік мекемеге қаржыландыру жоспары бойынша берілген мүлік аудандық коммуналдық меншік болып табылады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады