Білім алушыларды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары арнаулы (әскери) оқу орындарына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 8 тамызда № 9688 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 3 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 13.01.2016 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Білім алушыларды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары арнаулы (әскери) оқу орындарына ауыстыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оны жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадралар департаментіне жүктелсін.
      4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік орагандарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.
      5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
 
 

      Төраға
      КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
_________________ А. Сәрінжіпов
2014 жылғы ___ _____________

Н. Әбіқаев
 
 
 
 
 


Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 218 бұйрығымен
бекітілген

Білім алушыларды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының
жоғары арнаулы (әскери) оқу орындарына ауыстыру қағидалары

Жалпы ережелер

      1. Білім алушыларды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары арнаулы (әскери) оқу орындарына ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 қаулысымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларының 3-тармағына сәйкес әзірленген.
      2. Қағида білім алушыларды жоғары оқу орындарынан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының арнаулы (әскери) оқу  орындарына (бұдан әрі – ҰҚО ЖОО) ауыстыру тәртібін анықтайды.
      3. ҰҚО ЖОО-ға курстан курсқа ауыстыру ұқсас мамандықтар бойынша, егер бакалавриатқа арналған жұмыс оқу жоспарындағы айырмашылық міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспайтын болса конкурстық негізде жүзеге асырылады.
 

2. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі

      4. Білім алушыларды ауыстыру кезінде олардың оған дейінгі академиялық мерзімде оқыған жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылық анықталады.
      Пәндердегі айырмашылық анықталған кезде қорытынды бақылаудың нысандарындағы айырмашылық ескерілмейді.
      5. Жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты оқу карточкасының көшірмесінде немесе транскриптте, не болмаса «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 8 шілдеде № 5717 болып тіркелген) талаптарына сәйкес нысан бойынша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтамада көрсетілетін академиялық сағаттарда немесе кредиттерде оқылған пәндер тізбесінің, олардың бағдарламалары мен көлемдерінің негізінде ҰҚО ЖОО анықтайды.
      Оқу пәніне пререквизит ретінде анықталған оқу пәнінен немесе оқу пәндерінің мазмұны бойынша жақын блоктан, егер олар пәндердің мазмұны мен көлеміне сәйкес келетін болса қайта сынақ тапсыруға рұқсат етіледі.
      6. Игерілген пререквизиттерге сәйкес ҰҚО ЖОО оқу курсын анықтайды және білім беру бағдарламаларына сәйкес игерілген кредиттерге қайта сынақ жүргізеді.
      Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою жеке кесте бойынша жүзеге асырылады.
      7. Белгіленген мерзімде жойылмаған жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылық одан кейін академиялық қарыз ретінде ескеріледі. Пән бойынша академиялық айырмашылықты жою кезінде қанағаттанарлықсыз баға алынған жағдайда, сол академиялық мерзімде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
      8. Білім алушылардың ҰҚО ЖОО-ға курстан курсқа ауысуы оқу жылының нәтижесі және жинақталған ауысу балдарын ескере отырып, жазғы емтихандық сессиясының (аралық аттестаттау) қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
      9. Білім алушының ҰҚО ЖОО-да ауысу балынан төмен емес үлгерімнің (GPA) орта балына жетуі білім алушының курстан курсқа ауысуына міндетті шарт болып табылады.
      10. Білім алушының ҰҚО ЖОО-ға ауысу рәсімі мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті (бұдан әрі – ҰҚК Кадрлар департаменті) ауысу жылының алдындағы жылдың 1 қазанына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары, аумақтық және өзге де органдары үшін (бұдан әрі – ҰҚК бөлімшелері мен органдары) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) Төрағасының бұйрығымен бекітілетін ҰҚО ЖОО-ға оқуға кандидаттар жіберу жөніндегі тәртіптемені әзірлейді.
      Тәртіптеме бекітілгеннен кейін ҰҚК бөлімшелері мен органдарының кадрлар аппараты:
      1) өтініш беру мерзімі, сондай-ақ ҰҚК ЖОО-ға ауысу үшін өтінішке қосымша ұсынылатын құжаттар тізбесі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, ҰҚК ресми интернет ресурстарында хабарлама орналастыруды ұйымдастырады;
      2) оқуға кандидаттарды кәсіби бағдарлау, іріктеу және тексеру бойынша жұмыстар олардың тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.
       ҰҚО ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген азаматтар (бұдан әрі – оқуға кандидаттар) ҰҚК бөлімшелері мен органдары арқылы ауысу жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін оқу тілін көрсете отырып, еркін түрде ҰҚО ЖОО-ға өтініш береді.
      Өтінішке қосымша:
      1) жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған көшірме);
      2) бұған дейінгі білім деңгейін растайтын құжат (орта білім туралы аттестат немесе орта білімнен кейінгі білім туралы диплом);
      3) оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, елтаңбалық мөрмен бекітілген транскрипттің көшірмесі;
      4) ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғаны туралы сертификат (көшірме);
      5) алты фотосурет (баскиімсіз, көлемі 4,5 х 6 см);
      6) тіркеу куәлігі (көшірме);
      7) өмірбаян (түпнұсқа) ұсынылады.
      11. Оқуға кандидаттар олардың тұрғылықты жері бойынша ҰҚК бөлімшелері мен органдарының әскери-дәрігерлік комиссияларында психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ қызметке жарамдылығын анықтау үшін полиграфологиялық зерттеуден өтеді.
      12. ҰҚК бөлімшелері мен органдарының кадрлар аппараты оқуға түсетін жылдың 20 мамырына дейін оқуға кандидаттардың қалыптастырылған жеке істерін ҰҚО ЖОО-ға жолдайды.
      13. ҰҚК Кадрлар департаменті бөлімшелер мен органдардың кадр аппараттары арқылы оқуға түсетін жылдың 10 маусымына дейін ҰҚО ЖОО-ға конкурстық іріктеу өткізу мерзімі туралы оқуға кандидаттарды хабарландырады.
      14. Оқуға кандидаттармен медициналық куәландырудан, кәсіби-психологиялық мінездемені, дене шынықтыру дайындығына тексеруден тұратын соңғы кәсіби іріктеу жүргізіледі.
      15. Білім алушыларды ҰҚО ЖОО-ға ауыстыру бойынша ұйымдастырушылық және конкурстық іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 12 сәуірдегі №182 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 2 мамырдағы № 8449 болып тіркелген) бекітілген жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқа мерзімде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларының 11-192123-2628-29-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
      16. Курсанттар құрамына қабылдау ҰҚО бастығының бұйрығымен ресімделеді.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады