Осакаров аудандық мәслихатының 28 сессиясының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 285 "Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі 35 сессиясының № 373 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 қазанда № 2786 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Осакаров аудандық мәслихатының 28 сессиясының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 285 "Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2576 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 15 (7395) "Сельский труженик" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбындағы, кіріспедегі және 1-тармағындағы "ветеринария" сөзі "агроөнеркәсіптік кешен" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауданның бюджет және әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Б. Нурканов

Аудандық мәслихаттың хатшысы

К. Саккулаков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады