Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" № 859 қаулысына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1998 жылы туған азаматтарды Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне әскери есепке тіркеу жұмыстары 2015 жылдың қаңтар – наурыз айлары кезеңінде жүргізілсін.
"Қарағанды облысы Ұлытау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы Уткельбаев Ербол Сериковичке (келісім бойынша):
ауданның ұйымдарында, мекемелерінде, кәсіпорындарында жұмыс істейтін тіркеуге жататын азаматтардың тізімін сұратып алу;
азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жөнінде аудан әкіміне ұсыныс берсін;
аудандағы барлық орта мектептерінде жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін үгіт насихат жұмысын жүргізсін.
Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Акишбеков Берик Базыловичке жүктелсін.
Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Х. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
2014 жыл 02 желтоқсан
"Қарағанды облысы Ұлытау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Е. Уткельбаев |