Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талды ауылдық округінің аумағында құстар арасында Ньюкасл ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2. "Шет ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабында белгіленген, құстың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін.
3. "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (А. Рахымжанов келісім бойынша) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабымен көзделген шектеу іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Шоқан Кәмелұлы Жүніске жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шет ауданының әкімі | Р. Әбдікеров |
КЕЛІСІЛДІ | |
"Қазақстан Республикасы | |
ауыл шаруашылығы Министрлігі | |
ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау Комитетінің | |
Шет аудандық аумақтық | |
инспекциясы" басшысы | А.Н. Рахымжанов |
22 мамыр 2014 жыл