Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 18/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 маусымда № 2656 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246 бабына, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкіміне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" қаулысына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д. Сәденовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Қ. Камзин

Приозерск қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 6 мамырдағы
№ 18/1 қаулысымен
бекітілген

Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз
қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкіміне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" қаулысына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы қараусыз қалған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар қалалық коммуналдық меншікке түседі және осы қағидаға сәйкес пайдаланылады.

2. Қараусыз қалған жануарлардың қалалық коммуналдық
меншікке келіп түсу тәртібі

      3. Қараусыз қалған жануарлардың қалалық коммуналдық меншікке келіп түсуі қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-беру актісінде қалалық коммуналдық меншікке түсетін қараусыз қалған жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетілуі тиіс. Қабылдау-беру актісі қараусыз қалған жануарларды тапсырған тұлғаның, "Приозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ветеринария бөлімі) және "Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Қабылдау-беру актісін экономика және қаржы бөлімінің басшысы бекітеді.
      4. Қараусыз қалған жануарларды бағалау жүзеге асырылғаннан кейін қабылдау-беру актісі негізінде балансқа алу жүзеге асырылады.

3. Қалалық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз
қалған жануарларды пайдалану тәртібі

      5. Қалалық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз жануарлар мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:
      1) мемлекеттiк заңды тұлғалардың балансына өтеусіз беру;
      2) аукцион арқылы сату.
      6. Қараусыз қалған жануарлар қалалық коммуналдық меншігіне өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы қараусыз қалған жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде – ол жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.
      7. Қараусыз қалған жануарларды қайтару бұрынғы меншік иесінің оларды бағуға байланысты шығынды жергілікті бюджет кірісіне өтегеннен кейін жүзеге асырылады.
      8. Қараусыз қалған жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен жағдайда қараусыз қалған жануарларды сатудан түскен түсім немесе олардың құны жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұрынғы меншік иесіне өтеледі. Бұл жағдайда қараусыз қалған жануарларды бағуға байланысты жұмсалған қаржының мөлшері шегеріледі.
      9. Қараусыз қалған жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншік иесі мен экономика және қаржы бөлімі арасында жасалатын шартпен рәсімделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады