Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 29.12.2014 N 806 қаулысымен.
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын гербицид түрлері және гербицидтерді жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) арналған субсидия нормалары белгіленсін.
2.
«2014 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4674 тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2014 жылғы 17 мамырда жарияланған) Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 581 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3.
«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4.
Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
5.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі |
Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің |
Субсидияланатын гербицид түрлері және гербицидтерді жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) арналған субсидиялар нормалары
р/с |
Субсидияланатын гербицидтердің түрлері |
Өлшем бірлігі |
Бір өлшем бірлігінің құнын арзандату пайызы |
Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге |
1 |
Клиник, 36%, с.е. |
кг (л) |
49,9 |
646 |
2 |
Ураган Форте, 500, с.е. |
кг (л) |
49,9 |
1061 |
3 |
Торнадо, 50% с.е. (қышқыл глифосаты 500 г/л) |
кг (л) |
49,9 |
877 |
4 |
Солито, 320, э.к. |
кг (л) |
29,9 |
2 140 |
5 |
Номини, 400, с.к. |
кг (л) |
29,9 |
26 910 |
6 |
Рейнбоу, 25 ОД, м.ш. |
кг (л) |
29,9 |
4 425 |
7 |
Боливер, 50% с.д.т. |
кг (л) |
29,9 |
84 078 |
8 |
Гулливер, с.д.т. |
кг (л) |
29,9 |
86 710 |
9 |
2М-4Х 750, 75% с.е.к. |
кг (л) |
29,9 |
542 |
10 |
Базагран, 48% с.е. |
кг (л) |
29,9 |
730 |
11 |
Гезагард, 500, с.к. |
кг (л) |
29,9 |
636 |
12 |
Пантера, 4% к. э. (40 г/л) |
кг (л) |
29,9 |
1078 |
13 |
Азимекс, (азимсульфурон, 500 г/кг) |
кг (л) |
29,9 |
74750 |
Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
г/кг – грамм/килограмм;
г/л – грамм/литр;
кг (л) – килограмм (литр);
э. к.- эмульсия концентраты;
м.ш. - майлы шашырама;
с.е.к.- суда еритін концентрат;
с.д.т.- сулы дисперленген түйіршік;
с.к.- сулы концентрат;
с.е.- сулы ерітінді;
с. к.- суспензиялы концентрат.