Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 02 қыркүйектегі N 697 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қазанда N 4769 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы N 759 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 13.11.2014 N 759 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н. Н. Годуноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      

Қызылорда облысының әкімі
Қ. Көшербаев

      

 

  Кызылорда облысы әкімдігінің
  2014 жылғы "02" қыркүйек № 697
  қаулысымен бекітілген

Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      1. Осы облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілейді.
      2. Облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес құрылыс үлгісін, тұрғын емес үй-жайдың түрін, қолайлылық дәрежесін, аумақтық орналасқан жерін, жалдаушының қызмет түрін, жалдаушылардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Жа = Тм х S х Кү х Кт х Кқд х Ка х Кқт х Кұқ
      мұндағы:
      Жа-бір жылда облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілеріне жалға алу төлемінің мөлшерлемесі;
      Тм- жылына 1 шаршы метр теңгеге жалға алу төлемінің негізгі мөлшерлемесі, теңге;
      S- жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кү- құрылыс үлгісін ескеретін коэффициент;
      Кт-тұрғын емес үй жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кқд-қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Ка -аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Кқт-жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Кұқ-жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. Жабдықты, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жалдау ақысы мына формула бойынша есептеледі:
      Жа = С х Nаm/100 х Кт
      мұндағы:
      Жа- жылына жабдықты, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С- бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықты, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнының 10 пайыз мөлшеріне белгіленеді;
      Nаm- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 120-бабына сәйкес тозудың шекті нормалары;
      Кт-төмендету коэффициенті (0,5 көлемінде–сауда-сатылатын (делдалдық) қызметтерді қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,8 мөлшерінде 60 пайыздан артық жабдықтың, көлік құралдарының және басқа пайдаланылмайтын заттардың тозуы кезінде қолданады).
      4. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін сағат бойынша мүліктік жалға беру (жалға алуға), сонымен қатар облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы жабдықты мен автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарға мүліктік жалға беру кезінде жалдау ақысын есептеу келесі формуламен іске асырылады:
      Ас=Жа/12/К/24,
      мұнда:
      Ас – бір сағатқа облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қор объектілеріне, жабдыққа, автокөлік құралдарына және басқа да пайдаланылмайтын заттарды жалға алу төлемінің мөлшерлемесі;
      Жа– бір жылда облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілері, жабдық, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттарды жалға алу төлемінің мөлшерлемесі;
      К – мүліктік жалға берілетін (жалға алынатын) объектілерге тапсыруды іске асыратын бір ай ішіндегі күндердің саны.

 

  Облыстық коммуналдық мүлікті
  мүліктік жалдауға (жалға алуға)
  беру кезінде жалдау ақысының
  мөлшерлемесін есептеу қағидаларына
  қосымша 

Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қолданылатын коэффициенттердің мөлшері және негізгі мөлшерлемесі

Негізгі мөлшерлеме
1,5 айлық есептік көрсеткіш
№ р/с
Коэффициенттер түрі
Коэффициент
мөлшері
1.
 
Құрылыc үлгісін ескеретін коэффициент (Кү):
 
1) кеңселік, әкімшілік, қоғамдық
1,0
2) ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне арналған, өндірістік
0,8
3) қоймалық, буқазандық, гараждық
0,6
4) басқалар
0,9
2.
 
Тұрғын емес үй - жайдың түрін ескеретін коэффициент (Ктүр):
 
1) жеке тұрған құрылыс
1,0
2) жапсарлас- жанаса бөлігі, ғимараттағы жай
0,9
3) цокольдік (жартылай жертөле) бөлігі
0,8
4) жертөле бөлігі, шатыр
0,7
3.
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кқд):
 
барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін(электр энергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болған жағдайда әрбір түрі үшін 0,1 азаяды
1,0
4.
 
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Ка):
 
1) Қызылорда қаласы үшін
2,0
2) Байқоңыр қаласы үшін
2,0
3) аудан орталығы үшін
1,5
4) аудан орталығы емес кенттер, ауылдар, ауылдық округтер үшін
1,0
5.
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Кқт):
 
1) банктердің есеп айрысу-кассалық бөлімдері, "Қазпошта" акционерлік қоғамы, банкоматтар, мультикассалар, электрондық терминалдар үшін
2,0
2) делдалдық іс-қимыл және кедендік қызметтер, айырбастау пунктері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық және адвокаттық кеңселер, ұялы байланыс қызметін көрсететін ұйымдар үшін
3,0
3) қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақ үйі қызметтерін ұйымдастыру үшін
2,5
 
4) мына салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін:
жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім беру
орта білім беру
мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту
1,1
0,9
0,8
5) орта, техникалық және кәсіптік білім беру орындарында, денсаулық сақтау мекемелерінде және мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында тамақтандыру қызметін ұйымдастыру үшін
0,9
6) басқалар үшін
1,0
6
 
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Кұқ):
 
коммерциялық ұйымдар үшін
1,3
коммерциялық емес ұйымдар үшін
0,5
басқалар үшін
1,1

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады