Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 787 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қаңтарда № 4852 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қызылорда облысының әкімі

Қ. Көшербаев

      КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ О. Батырханов
2014 жылғы «18» желтоқсан



Қызылорда облысы әкімдігінің
2014 жылғы «18 желтоқсандағы» № 787 қаулысымен
бекітілген

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі

      1. Мүйізді ірі қара аурулары – тейлериоз, пироплазмоз.
      2. Ұсақ қара мал аурулары – фасциолез.
      3. Жылқы аурулары – сақау, гастрофилез.
      4. Түйе аурулары – трипаносомоз.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады