"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 2-тармағына және "Тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Арал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 02 мамырдағы N 97 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі 4459 болып тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2013 жылғы 19 маусымдағы N 51 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібіндегі:
3-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Арал аудандық мәслихатының
кезектен тыс жиырма бесінші
сессиясының төрағасы С. Ниязов
Арал аудандық
мәслихатының хатшысы К. Данабай