Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 25.10.2018 № 197 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет, білім берудің педагог кызметкерлеріне және ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік көмек берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 05.11.2014 N 192 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Арал аудандық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясының төрағасы Арал аудандық мәслихатының хатшысы | С. Ниязов К. Данабай |