Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі N 205 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 мамырда N 4687 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы № 388 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 19.02.2016 № 388 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысы, Қазалы ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізілетін орын ретінде Әйтеке би кентінде орналасқан Жалаңтөс баһадүр атындағы стадион белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХІХ сессиясының төрағасы Н. Наурызбаев
      Қазалы аудандық мәслихатының хатшысы Т. Бөріқұлақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады