Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 23.10.2018 № 205 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету тарифі айына тұрғын үйлерден – бір адамға 102 теңге мөлшерінде бекітілсін.
2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды заңды тұлғалардан әкету тарифі 1 текше метрге 820 теңге мөлшерінде бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.