Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 маусымдағы N 33-3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 маусымда N 4702 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 28-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 11.09.2018 № 28-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15 тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет ұйымдарының мамандарына, сондай-ақ ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог кызметкерлеріне және ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға аудан бюджеті қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайын біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 04.11.2014 N 39-3 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жалағаш аудандық

мәслихатының XХХІІІ

сессиясының төрағасы

Жалағаш аудандық

мәслихатының хатшысы

А. КИПШАКБАЕВ


К. СҮЛЕЙМЕНОВ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады