"Жалағаш аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 34-4 шешімі. Қызылорда облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 шілдеде № 4727 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 29.06.2016 № 4-10 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Жалағаш аудандық мәслихатының
      ХХХІV сессиясының төрағасы,
      аудандық мәлихат хатшысы К. СҮЛЕЙМЕНОВ

  2014 жылғы 25 маусымдағы
Жалағаш аудандық мәслихатының
№ 34-4 шешімімен бекітілген

“Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі Жалағаш аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жалағаш аудандық мәслихат хатшысының өкімдері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі № 28.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі.
      11. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі:
      1) Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі аптада 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің жұмысы жерігілікті уақыт бойынша сағат 09.00 де басталып, 19.00 де аяқталады. Сағат 13.00 ден 15.00 ге дейін үзіліс;
      3) сенбі, жексенбі күндері және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі жұмыс істемейді.
      12. Осы Ереже “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      14. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылатын Жалағаш аудандық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      16. Міндеттері:
      Жалағаш аудандық мәслихат депутаттарына өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
      17. Функциялары:
      “Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының Заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асырады.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде Жалағаш аудандық мәслихаты Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) мәслихат пен оның органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді;
      3) азаматтардың (сайлаушылардың) мәслихатқа жолдаған хаттарын, арыз-шағымдарын тіркейді және қарайды, депутаттардың назарына жеткізеді, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда олар бойынша жауап дайындайды;
      4) “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінде азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
      5) Жалағаш аудандық мәслихатының актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды әділет органдарына тіркеуге жолдайды;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Жалағаш аудандық мәслихатының шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
      7) Жалағаш аудандық мәслихатының ic-жүргізу қызметін жүргізеді;
      8) мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      20. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жалағаш аудандық мәслихатының сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
      21. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
      22. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) заңнамаға сәйкес аппарат қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      6) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      7) мәслихаттың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
      8) аудан әкiміне сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
      9) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      10) мәслихатының тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
      11) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихаты атынан өкiл болады;
      12) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      13) заңнамада белгіленген тәртіппен аппарат қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
      14) “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады;
      15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және Жалағаш аудандық мәслихатының шешiмдеріне сәйкес өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
      “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      23. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы басқарады.
      24. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      25. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесіннің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      26. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады