“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 31-5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4679 тіркелген, 2014 жылғы 31 мамырда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасының 8-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
“2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға - ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;”.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жалағаш аудандық | |
мәслихатының XХХV | |
сессиясының төрағасы | С.ОСПАНОВА |
Жалағаш аудандық | |
мәслихатының хатшысы | К.СҮЛЕЙМЕНОВ |