"Жалағаш аудандық қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 362 қаулысы. Қызылорда облысының Әдiлет департаментiнде 2014 жылғы 24 қазанда № 4778 болып тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 95 қаулысымен (14.05.2016 бастап күшіне енеді).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Жалағаш ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Ө.Елеусінов

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 362 қаулысымен бекітілген

“Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, коммуналдық мүлікті басқару, мемлекеттің коммуналдық мүлікке құқығын іске асыру және жекешелендіру саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жалағаш ауданының әкімдігі болып табылады.
      “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Төле би көшесі № 3 А.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы: “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      10. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі, заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 19.01.2016 № 6 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      11. Осы Ереже “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Аудан бюджетінің атқарылуын талдау және ауданның коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру және оның атқару процесін жетілдіру;
      2) аудан бюджетін қалыптастыру және оның атқару процесін жетілдіру;
      3) аудан көлеміндегі коммуналдық меншікті басқару, мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу және есебін алу.
      16. Функциялары:
      1) мемлекеттік қаржыны және коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу;
      2) аудан бюджетінің атқарылуына талдау жасау, аудан бюджеті жобасының негізгі көрсеткіштерін анықтау;
      3) аудан бюджетінің қаржыландыру жиынтық жоспарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу;
      4) аудан бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу және талдау жасау;
      4-1) “Қоғамдық кеңестер туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды өткізу;
      5) өз қызметі саласында заңнаманың қолданылу тәжірибесін талдау және қорытындылау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;
      6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
      7) аудандық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      8) алынып тасталды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 18.12.2014 № 486 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      9) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау;
      10) “Мемлекеттік сатып алу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;
      11) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру;
      12) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылу және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
      13) ауданның жергілікті атқарушы органы құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау және талдауды жүзеге асыру;
      14) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беру;
      14-1) жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығару туралы шешім қабылдау;
      15) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы аудан әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      16) аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдау;
      17) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған,
      мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
      18) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      19) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 19.01.2016 № 6 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру және оның атқару процесін жетілдіру;
      2) аудан бюджетін қалыптастыру және оның атқару процесін жетілдіру;
      3) аудан көлеміндегі коммуналдық меншікті басқару, мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу және есебін алу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жалағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) бөлімнің сектор меңгерушілерін және бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
      2) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;
      5) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдану үшін дербес жауапты болады;
      6) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы анықтайды.
      22. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      23. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      26. Жалағаш ауданының әкімдігі “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктердің сақталуына және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.
      27. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлікті Жалағаш ауданының әкімдігі қайтарып алуға немесе өзі құрған заңды тұлғалар арасында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде басқа да түрлері белгіленбесе, өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады