"Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қазандағы № 375 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 қарашада № 4787 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 95 қаулысымен (14.05.2016 бастап күшіне енеді).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ө.Елеусіновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 13 қазандағы
№ 375 қаулысымен бекітілген

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылық бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жалағаш ауданының әкімдігі болып табылады.
      3. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, ПДУ көшесі № 6.
      “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін (сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін үзіліс).
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде ауыл шаруашылық өнімдерін тиімді өндіру негізінде, ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
      15. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құрудың негізін жасау;
      3) агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жерді суландыру және дренаж мәселелерін қалыптастыру және іске асыру;
      4) ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығын реттеу;
      5) агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету;
      6) аудан әкімдігінің және аудан әкімінің актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу.
      16. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру бағдарламасына сәйкес суды аз қажет ететін экономикалық тиімділігі жоғары дақылдардың көлемін арттыруға ықпал жасау;
      2) аудан агроөнеркәсіп кешенінің ауыл шаруашылығын техникалармен және басқа да материалдық ресурстарға қажеттілігін алдын-ала болжамдау;
      3) ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік ресурсқа өткізу жұмыстарын ұйымдастыру;
      4) ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жасауға және іске асыруға қатысу;
      5) ауданның ауыл шаруашылығын дамытудың перспективалық және ағымдық жоспарларын жасауға және іске асыруға қатысу, саланың даму тенденцияларына талдау және болжам жасау;
      6) ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілерінің нарықтық жағдайлардағы жұмысының экономикалық механизімін жетілдіруге бағытталған ұсынымдарды жүзеге асыруға қатысу;
      7) ауылдағы экономикалық реформаларды тереңдетуге байланысты жұмыстарды үйлестіру қаржылық-экономикалық сауықтыру бағдарламаларын орындауға қатысу;
      8) маркетингілік және нарықтық зерттеулер жүргізуді енгізіп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен басқа да кәсіпорындар арасында маркетингілік және нарықтық ақпараттар алмасу жұмыстарын үйлестіру;
      9) ірі өңдеу кәсіпорындары мен кіші өңдеу цехтарын дамытудың тиімді жолдарын анықтау;
      10) қолдан ұрықтандыру пункттерінің жұмыстарын ұйымдастыру;
      11) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы саладағы мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелерді шешу.
      17. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) ауданның ішкі сұранысын қанағаттандыру және оларды ауданнан тысқары жерлерге жеткізу үшін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырудың кешенді шараларын жүзеге асыруға;
      2) нарықтық инфрақұрылымды, аграрлық нарықты реттеу механизмдерін құруға және ауданның барлық агроөнеркәсіп кешенінің тауар өндірушілеріне қажетті экономикалық жағдай жасауға ықпал етуге;
      3) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан, лауазымды адамдардан өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жалағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      2) бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда білдіреді;
      3) бөлім бұйрықтарына қол қояды;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалау шараларын қабылдайды;
      6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      8) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      9) шарттар жасасады;
      10) сенімхаттар береді;
      11) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды;
      12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      25. Жалағаш ауданының әкімдігі “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктердің сақталуына және тиімді пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.
      26. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлікті Жалағаш ауданының әкімдігі кайтарып алуға немесе өзі құрған заңды тұлғалар арасында, егер Қазақстан республикасының заңнамалық актілерінде басқа да түрлері белгіленбесе, өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады