2014 жылға арналған Жаңақорған ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы N 537 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 ақпанда N 4598 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2014 жылға арналған Жаңақорған ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ибрагимовке жүктелсін.

      3. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жаңақорған ауданының әкімі

С.Тауипбаев


  Жаңақорған ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы "31" қаңтардағы
N 537 қаулысына қосымша

2014 жылға арналған Жаңақорған ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі

      1. 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар.

      2. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.

      3. Отбасында бірде-бір жұмыс істемейтін тұлғалар.

      4. Бір жылдан ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар.

      5. Техникалық және кәсіби білім беру орындарының түлектері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады