Жаңақорған кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету және көму тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 09 қыркүйектегі N 230 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 қыркүйекте N 4763 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 219 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 23.04.2018 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-1 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15)-тармақшасына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Жаңақорған кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету және көму тарифтері келесі мөлшерлерінде бекітілсін:

      1) тұрғын үйлерден тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету - бір адамға айына 114 теңге;

      2) тұрмыстық қатты қалдықтарды заңды тұлғалардан әкету - бір текше метрге 862 теңге;

      3) тұрмыстық қатты қалдықтарды көму - бір текше метрге 103 теңге.

      2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жаңақорған аудандық мәслихатының


кезекті ХХХV сессиясының төрағасы

Т. МАМУОВ

Жаңақорған аудандық


мәслихат хатшысы

А. НАЛИБАЕВ

"КЕЛІСІЛДІ:"


Аудандық тұрғын үй-коммуналдық


шаруашылығы, жолаушылар көлігі


және автомобиль жолдары бөлімінің


басшысы


_______________ О.Ахметов


9 қыркүйек 2014 жыл



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады