"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет, білім берудің педагог кызметкерлеріне және ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған аудандық мәслихатының | |
кезекті ХХХV сессиясының мәслихат хатшысы | Т. Мамуов |
Жаңақорған аудандық төрағасы | А. Налибаев |