Лауазымдар тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 07 қарашадағы № 426 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 қарашада № 4805 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 96 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 10.04.2017 № 96 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Сырдария аудандық
      мәслихатының хатшысы
      _________ Б.Маншарипов
      "07" қараша 2014 жыл

  Сырдария ауданы әкімдігінің
  2014 жылғы "7" қарашадағы
  № 426 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде зертхана басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде зертхана басшысы;
      3) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде зертхана басшысының орынбасары;
      4) дәріхана меңгерушісі;
      5) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, барлық мамандықтағы инженер, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, провизор, психолог, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, фармацевт, фельдшер (зертханашы).
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесі (орталығы) меңгерушісі;
      2) мамандар (бас, аға): күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      3) жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің басшысы;
      4) мамандар (бас, аға): біліктілігі жоғары деңгейлі маман, маман, консультант.
      3. Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде көркемдік жетекші, әдістемелік кабинет басшысы;
      3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, әлеуметтік педагог, кітапханашы, жетекші, тәрбиеші, емдәм бикесі, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, шебер, медициналық бике, әдістемеші, музыкалық жетекші, музыкатанушы, психолог, үйірме жетекшісі, хореограф, хормейстер.
      4. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мәдениет және мұрағат ісі басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы, оның ішінде көркемдік жетекші;
      3) мұрағат, мұрағат қоймасы, кітапхана, клуб, мұражай меңгерушісі;
      4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: аккомпаниатор, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, музыкалық жетекші, бағдарламашы, редактор, режиссер, үйірме жетекшісі, хормейстер, сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшілер;
      5) техникалық орындаушылар, оның ішінде: архивариус, мұражай қараушысы.
      5. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде спорт басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы;
      3) оқу бөлімінің меңгерушісі;
      4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: нұсқаушы, әдістемеші, жаттықтырушы, медициналық бике.
      6. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішіндегі бірінші);
      2) бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы;
      3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, мал дәрігері, эпизоотолог, мал фельдшері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады