"Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы № 26/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 02 желтоқсандағы № 35/2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 4821 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/25 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 11/25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы кезектен тыс ХХҮІ сессиясының № 26/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4627 нөмірімен тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2014 жылғы 05 сәуірдегі № 24 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған шешіммен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасында:

      8-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатуралары қосымшаға сәйкес сандық құрамда бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады."

      Аталған қағида осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
Қ.Шәукебаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Ә.Оразбекұлы

  Шиелі аудандық мәслихатының
2014 жылғы 02 желтоқсандағы
№ 35/2 шешіміне қосымша
  Бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің
қағидасына қосымша

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатуралары

р/с

Кент, ауылдық округ атауы

Көшелердiң саны

Жергiлiктi қоғамдастық жиынына әркөшеден қатысатын азаматтар саны

Жалпы
қатысатын азаматтар саны

1

Шиелі кенті

130

1

130

2

Ақмая ауылдық округі

9

2

18

3

Алмалы ауылдық округі

13

2

26

4

Ақтоған ауылдық округі

6

2

12

5

Бәйгеқұм ауылдық округі

11

2

22

6

Бестам ауылдық округі

7

2

14

7

Гигант ауылдық округі

13

2

26

8

Еңбекші ауылдық округі

7

2

14

9

Ортақшыл ауылдық округі

11

2

22

10

Жуантөбе ауылдық округі

12

2

24

11

Жөлек ауылдық округі

9

2

18

12

Жиделіарық ауылдық

6

2

12

13

Жаңатұрмыс ауылдық

5

2

10

14

Иіркөл ауылдық округі

10

2

20

15

Керделі ауылдық округі

12

2

24

16

Қарғалы ауылдық округі

6

2

12

17

Қоғалы ауылдық округі

6

1

6

18

Майлытоғай ауылдық округі

6

2

12

19

Сұлутөбе ауылдық округі

26

1

26

20

Тартоғай ауылдық округі

15

1

15

21

Талаптан ауылдық округі

15

2

30

22

Телікөл ауылдық округі

5

2

10

23

Төңкеріс ауылдық округі

18

2

36


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады