"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Шиелі ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 26/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4627 болып тіркелген);
2) ""Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы № 26/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 35/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4821 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихат төрағасы | А. Жандарбеков |