Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2014 жылға арналған төлемақы ставкалары туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 15/226 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2014 жылғы 09 сәуірде № 2383 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексi)» Кодексiнiң 495-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн 2014 жылға арналған төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы                         А. Кетебаев

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов
 
 

      «КЕЛIСIЛДI»
      Қазақстан Республикасы Қаржы
      Министрлігінің салық Комитеті Маңғыстау
      облысы бойынша Салық департаменті»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      К.Д. Ысқақов
      27 ақпан 2014 жыл


      «КЕЛIСIЛДI»
      «Қазақстан Республикасы Қоршаған
      орта және су ресурстары Министрлігі
      Экологиялық реттеу және бақылау
      комитеті Маңғыстау облысы бойынша
      экология департаменті» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Е.Қ. Умаров
      27 ақпан 2014 жыл
 

      «КЕЛIСIЛДI»
      «Маңғыстау облысының
      табиғи ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А.С. Дулат
      27 ақпан 2014 жыл
 
 

Облыстық мәслихаттың
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 15/226 шешіміне қосымша


Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар
үшін 2014 жылға арналған төлемақы ставкалары
 

      1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары:
 

Рет

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1.

Күкірт тотықтары

20


2.

Азот тотықтары

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосындылары

3986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі тотықтары

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6


      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары:
 

Рет

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1.

Көмірсутектер

44,6

2.

Көміртегі тотықтары

14,6

3.

Метан

0,8

4.

Күкірт диоксиды

200

5.

Азота диоксиды

200

6.

Күл

240

7.

Күкіртті сутегі

1240

8.

Меркаптан

199320


      3. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары:
 

Рет

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК)

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,48


      4. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
 

Рет

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1.

Нитриттар

1340

2.

Мырыш

2680

3.

Мыс

26804

4.

Оттегіне биологиялық сұраныс

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54


      5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Рет

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы ставкалары (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабек-
керель (Гбк) үшін

1.

Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)

0,38



1.2.

Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар:





1.2.1.

"қызыл" тізім

14



1.2.2.

"янтарь" тізім

8



1.2.3.

"жасыл" тізім

2



1.2.4.

жіктелмегендер

0,9



1.3.

Бұдан басқа:





1.3.1.

аршынды жыныстар

0,004



1.3.2.

жанас таужыныстары

0,026



1.3.3.

байыту қалдықтары

0,02



1.3.4.

шлактар, шламдар

0,038



1.3.5.

күл мен күлшлактар

0,66



1.3.6.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,018



2.

Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):





2.1.

Трансуранды



0,76

2.2.

Альфа-радиоактивті



0,38

2.3.

Бета-радиоактивті



0,04

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер



0,38


      5-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ствакалары бір тонна үшін 7,54 АЕК-ті құрайды.
      6. Мынадай коэффициенттер:
      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін осы шешімде белгіленген төлемақы ставкаларына:
      1-тармақта – 0,3 коэффициенті;
      4-тармақта – 0,43 коэффициенті;
      5-тармақтың 1.3.5.-жолында – 0,05 коэффициенті.
      2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 5-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы ставкасына 0,2 коэффициенті қолданылады.
      7. Осы шешімнің 6-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
      8. Белгіленген лимиттерден асып түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкалары он есеге ұлғаяды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады