Мұнайлы ауданының елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасы туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 15/228 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2014 жылғы 10 сәуірде № 2388 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 26/405 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 23.06.2015 № 26/405 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнің 3 бабының 2 тармағына, 311 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімге қоса тіркеліп отырған Мұнайлы ауданының елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы                         А. Кетебаев

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау Комитетінің Мұнайлы аудандық
      аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      И. Көшкінбаев
      27 ақпан 2014 жыл
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Ш. Хамиев
      27 ақпан 2014 жыл
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Мұнайлы аудандық ішкі
      істер бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      А. Досжанов
      27 ақпан 2014 жыл
 
 

Облыстық мәслихаттың
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 15/228 шешімімен бекітілген
 

Мұнайлы ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды
ұстау және серуендету қағидалары туралы
  1. Жалпы ереже
 

      1. Мұнайлы ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасы (әрi қарай - Қағида) Мұнайлы ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету тәртібін белгілеу мақсатымен әзiрленген.
      2. Қағида меншiк нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын жеке және заңды тұлғаларға (қызметтiк иттер және тәлiмбақтары бар құқық қорғау органдарының мекемелері мен ұлттық қауіпсіздік органдарының кинологиялық қызметтерінен басқа) бiрдей таратылады.
      3. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» заңына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық нормативтік актілеріне сәйкес әзiрленген.
 

2. Иттер мен мысықтарды ұстау
 

      4. Иттер мен мысықтарды сатып алу мен сату, басқа бiр адамға тапсыру, барлық көлiк түрлерiмен аудан iшiнде тасымалдау әрекеттерi құтырма және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егiлген уақыты белгiленген жануардың ветеринарлық құжаты болған жағдайда ғана рұқсат етiледi. Иттер мен мысықтарды елдi мекендерден тысқары жерлерге тасымалдау кезiнде және басқа аймақтардан әкелген жағдайда, иелерi жануардың денсаулығы және егу жұмыстарының жүргiзiлгендiгi жөнiнде, яғни жұқпалы ауруларға қарсы 12 айдан аспаған мерзiмде не болмаса жолға шығардан 30 күн бұрын егiлгендiгi жөнiндегi мәлiмет толтырылған ветеринарлық куәлiгi болуы тиiс.
      Тұрғындарға, кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиесiлi иттердiң барлық түрлерi үш айлық мерзiмiнен бастап құтырма ауруына және эпизоотиялық көрсеткiштерге сәйкес лептоспироз, микроспория ауруларына қарсы егiлуi және гельминттердiң болмауына тексерiлуге тиiс немесе профилактикалық алдын-алу шаралары қолданылуы тиiс.
      Мысықтар туылғаннан екi айлық мерзiмнен бастап адамдар мен жануарларға бiрдей жұқпалы ауруларға, эпизоотиялық көрсеткiштерге сәйкес микроспорияға қарсы егiлуге, гельминттердiң болмауына тексерiлуге тиiстi.
      5. Иттер мен мысықтарды ұстауға санитарлық-гигиеналық, гигиеналық талаптарды және осы Қағиданы сақтаған жағдайда рұқсат етiледi:
      1) бiр ғана от басынан тұратын тұрғын үй-жайларда;
      2) бiрнеше от басынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзiне тиесiлi аумағында ұстауға (пәтер тұрғындарының жазбаша келiсiмiмен);
      3) мекемелерде, ұйымдарда иттердi байлаулы түрде немесе торда, яғни қоршаған ортаға, адамдарға қауiптілік келтiрмейтiн және тыныштық сақталған жағдайда ұсталады.
      6. Көп қабатты, көп пәтерлi тұрғын үйдегi бiр отбасына, жеке тұрғын үйлер мен оларға жапсарлас жер телімдерінде гигиеналық-санитарлық және зоогигиеналық талаптар сақталған жағдайда, үлкен және орта мөлшердегi екі ересек ит пен үш мысықты, үш айлық мерзiмге дейiнгi күшiктердi ұстауға рұқсат етiледi. Үш айдан асқан күшiктер мен мысықтар жаңа иелерiне берiлуi немесе қараусыз иттер мен мысықтарды ұстаумен және аулаумен айналысатын мекемелерге тапсырылуы тиiс.
      7. Иттер мен мысықтарды көпшiлiк пайдаланатын (ас әзiрлеуге арналған бөлмелерде, кiреберiстерде, баспалдақ алаңдарында, үйдiң шатырында, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы үй-жайларда) орындарда және жеке тұрғын үйлердің маңында, қонақ үйлер мен жатақхана дәлiздерiнде ұстауға тыйым салынады.
      8. Қонақ үйлерде, қонақ үй әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен және санитарлық-гигиеналық жағдайларды сақтаған жағдайда иелерi итiмен немесе мысығымен бiрге тұрақтай алады.
      9. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорында, ғимараттарда және оларға тиесiлi аумақтарда жердiң заңды иегерiнiң рұқсатымен немесе басқа да өкiлеттi тұлғаның келiсiмiмен ұстауға болады. Иттер жақсы қоршалған, яғни қашып кете алмайтындай, адамдарға не болмаса басқа жануарларға шабуылдауына мүмкiндiк тудырмайтын аумақта ұсталуы тиiс. Осы аумақта иттiң бары жөнiнде кiреберiсте 20х30 сантиметр көлемiндегi, иттiң суретi бар «Ит күзетедi!» «Охраняется собакой!» деген жазуы бар ескерту тақта қойылуы шарт.
      10. Жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егiлмеген иттер мен мысықтарды ұстауға тыйым салынады.
      11. Иттер мен мысықтарды олардың терiсiн пайдалану, етiн өңдеу, сату, тұтыну үшiн өсiруге не болмаса аулауға тыйым салынады.
      12. Мұнайлы ауданының аумағында иттердiң төбелесiн ұйымдастыруға және өткiзуге, жануарларға қарсы қатыгез әрекеттер жасауға мүмкiншiлiк беретiн басқа да iс-шараларды өткiзуге тыйым салынады (қызметтегi, күзетке арналған иттердiң жұмыс қабiлеттiлiгiн тексеру мақсатында, иттердiң жарақат алмауын ескеретiн, дұрыс тұқымдық сұрыптауға арналған арнайы ережелер бойынша тексерулерден басқа).
      13. Қоғамдық орындарда иесiз жүрген иттер мен мысықтар, кәсiпорындар мен мекемелерде иесi байлап кеткеннен басқасы, бұралқы деп есептеледi және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша арнайы қызмет арқылы мiндеттi аулауға жатады.
      Қадағалаусыз қалған иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және жүргiзiледi.
 

3. Иесiнiң ерекше жауапкершiлiгiн қажет ететiн иттердi ұстау
 

      14. Иесiнiң ерекше жауапкершiлiгiн қажет ететiн ит түрлерiне шоқтығының биiктiгi 50 сантиметрден жоғары иттер жатады.
      15. Балаларға және 16 жасқа толмаған жасөспiрiмдерге, сонымен қатар денсаулық жағдайы қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға иесiнiң ерекше жауапкершiлiгiн қажет ететiн иттердi серуенге шығаруға тыйым салынады.
      16. Иесiнiң ерекше жауапкершiлiгiн қажет ететiн иттердi тұрғын-үй пайдалану органдарының жергiлiктi атқарушы органдармен келiстiрiлген, иттердi серуендетуге арналған арнайы орындарынан басқа қоғамдық және көпшiлiк демалыс орындарына әкелуге тыйым салынады.
 

4. Иттер мен мысықтарды серуенге шығарудың ретi
 

      17. Иелерi иттердi серуенге шығарғанда келесi талаптарды орындауы тиiс:
      1) иттердi тұмылдырықпен (декоративтi ит түрiнен басқасы) және қысқа (1,5 метрге дейiн) мойын жiппен, Қағидадағы 18-тармақта көрсетiлген орындардан басқа жерлерде, қоршаған ортаны мазаламай, кедергi келтiрмей ертiп жүруге және серуенге шығаруға болады. Егерде мұндай орындар болмаса серуендету бос жерлерде жүзеге асырылады;
      2) иттердi тұмылдырықсыз және мойын жiпсiз тек арнайы қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында, жергiлiктi атқарушы органдары, пәтер иелерi кооперативтерi бекiткен еркiн серуен алаңдарында серуендеуге болады. Егер мұндай орындар болмаса, серуендету бос жерлерде іске асырылады;
      3) иттердiң иелерi әрдайым иттiң мойнына аты, түрi, иесiнiң мекен-жайы мен телефондары көрсетiлген жетон бекiтiлген қарғыбау тағуы керек. Иесiнiң тiлегi бойынша жетонда итке қатысты басқа да мәлiмет болуы мүмкiн;
      4) иттер мен мысықтарды қоғамдық көлiктерде тасымалдау көлiктiң артқы алаңдарында, жолаушылардың мазасын алмайтын жағдайда жүзеге асырылуы тиiс. Иттердiң декоративтi түрлерiн және мысықтарды сөмкеде, арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерде), қолда алып тасымалдауға болады. Науқас иттер мен мысықтарды қоғамдық көлiкте тасымалдауға тыйым салынады;
      5) иттер мен мысықтарды тұрғын үйлердiң маңында серуендету кезiнде иттердiң иелерi 23:00 мен 06:00 сағат аралығында тыныштықты сақтауды қамтамасыз етуi тиiс;
      6) тыйым салған ескерту белгiсi жоқ мекемелер мен азық-түлiк сатпайтын дүкендерде, поштада және тағы басқа орындарда иелерi иттерiн қысқа мойын жiпте және тұмылдырықта ертiп жүруге болады. Кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер нысандарға иттi ертiп келуге қарсы ескерту белгiлерiн қоюымен қатар иттердi байлап қалдыратын орындар жарақтауы қажет;
      7) иттi қысқа мойын жiппен және тұмылдырықпен, өздiгiнен шешiлiп кетпейтiндей, иесi ғимараттың iшiнде уақытша болған мерзiмге, егер де ит басқа тұлғаларға қауiп төнгiзбейтiн, қоғамдық тәртiптi бұзбайтын, қозғалыстарға және өзiне зиян келмейтiндей жағдайда байлаулы қалдыруына болады. Осы кезде ит жүргiншiлердiң жүрiп тұруына кедергi болмауы керек;
      8) ит қоғамдық орындарда қарғыбаусыз тек қана қызметтiк тапсырмаларды орындау кезiнде ғана жүре алады.
      18. Иттердiң иелерiне мынадай шектеулер қойылады:
      1) құтырма ауруына қарсы егiлмеген және токсоплазмозға тексерiлмеген иттердi серуендетуге;
      2) жануарларды рұқсат етiлген немесе арнайы орындардан басқа, ауладағы балалар ойнайтын, спорттық алаңдарда, мектепке дейiнгi және оқу орындарының аумақтарында, емделу мекемелерiнiң, саябақтар мен қоғамдық демалыс орындарының алаңдарында, тыйым салынған ескерту белгiсi бар жерлерде серуендетуге;
      3) иттер мен мысықтарды жағажайда серуендетуге, көпшiлiк шомылатын жерлерде жуындыруға, тоғандарда, фонтандарда, су айдындары мен бөгеттерде шомылдыруға;
      4) көзi нашар көретiн адамды жетектеушi иттен басқа иттердi қоғамдық тамақтану кәсiпорындарына, азық-түлiк дүкендерiнiң сауда жасау және өндiрiстiк орындарына, сервистiк қызмет көрсету мекемелерi мен мәдениет мекемелерiне әкелуге, ұстауға;
      5) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық шаралар өтетiн жерлерде адамдарды құтқаруға арналған тапсырманы орындау барысындағы, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын, сондай-ақ көзi нашар көретiн адамды жетектеушi иттерден басқа, жануарлармен бiрге болуға.
      19. Иесi мас болған жағдайда иттер мен мысықтарды ертiп жүруге және көпшiлiк орындарына әкелуге, көлiкте алып жүруiне тыйым салынады.
 

5. Ит пен мысық иелерi
 

      20. Иттер мен мысықтардың иелерi құқық мәртебесіне және меншiктік нысанына қарамастан иттер мен мысықтарды осы Қағидадағы талаптарға сәйкес күтіп ұстауды амтамасыз етеді.
      21. Иттер мен мысықтар иесiнiң меншiгi болып табылады және кез-келген меншiк ретiнде заңмен қорғалады.
      22. Ит немесе мысық жұқпалы аурулар түрiмен ауырған деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес иесiнен алынуы мүмкiн. Егер ит ауру емес деп танылса, онда ол иесiне қайтарылуы тиiс. Сонымен қатар, ит немесе мысық адамға жарақат келтiрген жағдайларда, қауып алғанда, адамға жұғатын аурулардың немесе қауiптi аурулардың болуын тексеру үшiн иелерiнен алынуы мүмкiн.
      23. Иттер мен мысықтардың иелерi төмендегi талаптарды қамтамасыз етедi:
      1) иттер мен мысықтардың қоршаған ортаға қолайсыздық келтiрмейтiн және қауiпсiздiк тудырмайтын, тыныштықты жағдайын қамтамасыз ету;
      2) тұрғын үй-жайларда шу болдырмау шараларын қолдану;
      3) алаңдарды, кiреберiстердi, сатылық торларды, лифтiлердi, балалар алаңдарын, жолдарды, тротуар, шағын гүлбақтарды, демалыс аумақтарын ластамау, ал ластанған жағдайда мiндеттi түрде жедел тазалауды жүзеге асыру (қағаз немесе полиэтилен пакеттерiн пайдалану);
      4) жануарларды түрлерiне қарай зоотехникалық, зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес ұстау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      5) иттер мен мысықтарды олардың биологиялық қажеттiлiктерiне сай ұстау, оларға iзгiлiкпен қарау, қараусыз қалдырмау, қажеттiлiгiне қарай тамақ беру, таза су iшуге жағдай жасау, ұрып-соқпау;
      6) ветеринариялық мекемелер мамандарының талаптары бойынша, диагностикалық зерттеу, емдеу-профилактикалық өңдеу және вакциналау мен дегельминтиздеу жүргізу үшін иттер мен мысықтарды бөгетсiз беруi керек;
      7) иттер мен мысықтарды жыл сайын екi, үш айлық мерзiмiнен бастап ветеринариялық емханаларға бақылау үшiн және құтырма ауруына және басқа да инфекциялық ауруларға қарсы алдын алу шараларын қолдануға әкелiп отыру, ветеринарлық құжатына жазбаларды енгізіп отыру;
      8) жүйелi түрде, тоқсанына кемiнде бiр рет иттер мен мысықтарға терi паразиттерiне қарсы алдын-алу шараларын қолданып отыруы керек;
      9) иттер мен мысықтар ауырғанда немесе ауруға күдiктi болғанда жедел түрде ветеринарлық мекемелерге хабарласу, тексерiстердiң қорытындысы бойынша мамандардың ұсыныстарын мүлтiксiз сақтау;
      10) ит немесе мысықты одан әрi ұстауға мүмкiндiк болмаған жағдайда оны басқа тұлғаға, жануарларды қорғау мекемелерiне бередi немесе ветеринариялық мекемеге тапсырады;
      11) үй жануарының өлiп қалған жағдайларында немесе құтыру ауруына шалдығуға ұқсас белгiлерi болған жағдайда жедел түрде ветеринарлық мекемелерге хабарлау қажет. Ветеринарлық қызмет мамандарының келуiне дейiн иесі жануарды оңашалайды;
      12) ит немесе мысық белгiсiз себептермен өлiп қалған жағдайларда ветеринарлық мекемелерге немесе ветеринария саласында кәсіпкерлікпен айналысатын ветеринарлық дәрiгерге өлудiң себептерiн анықтау үшiн хабарласу қажет.
      24. Бұрын бірдейлендіруден (идентификация) өтпеген және құтыру ауруына қарсы егілмеген үй жануарлары осы аурумен ауырды деп күдік тудырған жағдай анықталғанда Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес иелерінен алынады немесе жойылады.
      25. Өлiп қалған иттер мен мысықтардың өлiгiн лақтырып тастауға, елді мекен аумағына көмiп тастауға тыйым салынады. Иттер мен мысықтардың өлiгi мал қорымдарында немесе өлекселерді өртеуге арналған арнайы пештерде жойылады.
 

6. Қағиданың бақылауын қадағалау
 

      26. Мұнайлы ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау қағидасының бақылауын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты мемлекеттік мекеме қадағалайды.
 

7. Қорытынды ережелер
 

      27. Осы Қағиданы бұзған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады