Түпқараған ауданының Таушық, Қызылөзен және Ақщұқыр елді мекендерін "ауыл" санатына жатқызу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 186 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 18/277 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 кыркүйекте № 2491 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихатының және Түпқараған ауданы әкімдігінің пікірін ескере отырып,облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түпқараған ауданының Таушық, Қызылөзен және Ақщұқыр елді мекендері «ауыл» санатына жатқызылсын.
      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев

      Төрағалық етуші, облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады