"Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 06 маусымдағы № 21/198 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 08 шілдеде № 2475 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 21.10.2016 № 5/58 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы зандарының нормативтік ережелеріне, сондай-ақ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылдың 21 мамырындағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 қалалық мәслихаттың шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2339 болып тіркелген, № 21-21 (11235-11236) "Маңғыстау" газетінде 2014 жылғы 1 ақпанда жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Ақтау қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Телегенова) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (С.Шудабаева).
      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы М. Молдағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтау қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г. Хайрлиева
      06 маусым 2014 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтау қалалық экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А. Ким
      06 маусым 2014 жыл

  Қалалық мәслихатының
2014 жылғы 06 маусымдағы
№ 21/198 шешіміне 1 қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң бұрышындағы "Ақтау қалалық маслихатының 2014 жылғы 06 маусымдағы № 21/201 шешімімен бекітілген" деген мәтінде "маслихатының" сөзі жаңа редакцияда - Ақтау қалалық мәслихатының 25.11.2014 № 25/244 (жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі

№ р/р
Күні
Мемлекеттік мерекелер және атаулы даталар
Төленетін мерзімі
1
21-23 наурыз
Наурыз мейрамы
Жылына бір рет
2
26 сәуір
1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні
Жылына бір рет
3
1 мамыр
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
Жылына бір рет
4
9 мамыр
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні
Жылына бір рет
5
1 маусым
Балаларды қорғау күні
Жылына бір рет
6
30 тамыз
Қазақстан Республикасының Конституция күні
Жылына бір рет
7
6 қазан
Қазақстан Республикасының мүгедектер күні
Жылына бір рет
8
1 қазан
Халықаралық қарттар күні
Жылына бір рет
9
16-17 желтоқсан
Тәуелсіздік күні
Жылына бір рет

  Қалалық маслихаттың
2014 жылғы 06 маусымдағы
№ 21/198 шешіміне 2 қосымша

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы және мереке күндеріне арналған әлеуметтік көмектің мөлшерлері

№ р/р
Атаулы даталар және мереке күндері
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары
Әлеуметтік көмек мөлшерлері
1
21-23 наурыз – Наурыз мейрамы
"Алтын алқа", "Күміс алқа" салпыншақтарымен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежедегі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандар
2 айлық есептік көрсеткіш
Барлық топтағы мүгедек, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар
5 айлық есептік көрсеткіш
2
26 сәуір –Чернобыльатом электр станциясындағы апат күні
Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысушы мүгедектер;
 
1986-1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысушылар;
 
1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысушылар
60 000 (алпыс мың) теңге
 
 
50 000 (елу мың) теңге
 
 
 
 
20 000 (жиырма мың) теңге
3
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
Барлық топтағы мүгедек, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар
5 айлық есептік көрсеткіш
4
9 мамыр – Жеңіс күні
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектері;
 
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер беру бойынша теңестірілген тұлғалар;
 
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер беру бойынша теңестірілген тұлғалар (1986-1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысушылардан басқа);
 
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ мұрағат анықтамасы бар немесе еңбек кітапшасында 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмысы туралы жазбасы бар тұлғалар және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ҚСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар;
 
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңының 4 бабының 3 және 4 тармағында көрсетілген Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері
 
Ауғаныстанда немесе жауынгерлік әрекеттер болған басқа да мемлекеттерде жауынгерлік әрекеттер кезінде қаза тапқан (із-түссіз жоғалып кеткен) немесе алған жарақаттары, зақымдар, ауру салдарынан қайтыс болған арнайы мемлекеттік орган қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасылары; бейбіт уақытта арнайы мемлекеттік органдарда қызметтен, әскери қызметтен өту кезінде қайтыс болған арнайы мемлекеттік орган қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасылары; қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған ішкі істер орган қызметкерлерінің отбасылары; Чернобыль атом электр станциясындағы апат және басқа да азаматтық немесе әскери мәні бар нысандардағы апаттар мен радиациялық апаттар салдарын жою кезінде қайтыс болған отбасылар; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған отбасылар немесе қайтыс болған мүгедектер, сондай-ақ Чернобыль атом электр станциясындағы апат және басқа да азаматтық немесе әскери мәні бар нысандардағы апаттар мен радиациялық апаттар мен ядролық сынақтар әсерінен қайтыс болған азаматтар
 
Қаза тапқан соғыс мүгедектерінің екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері) және соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ қаза тапқан соғыс қатысушыларының әйелдері (күйеулері), партизан, подпольщик, "Ленинград қорғанысы үшін" медалімен және "Блокадаланған Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған, еңбек кемтары және басқа да себептер нәтижесінде (құқыққа қайшылықты ескергенде) мүгедек болып танылған азаматтар
100 000 (жүз мың) теңге
 
60 000 (алпыс мың) теңге
 
 
50 000 (елу мың) тенге
 
 
 
 
 
 
 
10 000 (он мың) теңге
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
40 000 (қырық мың) теңге
 
 
 
 
 
 
10 000 (он мың) теңге
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
10 000 (он мың) теңге
 
 
 
 
 
 
5
1 маусым – Балаларды қорғау күні
16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар
5,0 айлық есептік көрсеткіш
6
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні
Асыраушыдан айырылу бойынша (балаларға) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар
 
Республика алдында ерекше еңбегі сіңгені үшін зейнетақы алатын тұлғалар
 
Маңғыстау облысы алдында ерекше еңбегі сіңгені үшін дербес зейнетақы алатын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңына сәйкес арнайы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын тұлғалар
Барлық топтағы мүгедек, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар
8,0 айлық есептік көрсеткіш
 
 
60,0 айлық есептік көрсеткіш
 
36,0 айлық есептік көрсеткіш
 
 
 
 
 
 
 
5,0 айлық есептік көрсеткіш
7
1 қазан – Халықаралық қарттар күні
Жасы бойынша әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алушылар және 70 жастан жоғарғы зейнеткерлер
2,0 айлық есептік көрсеткіш
8
6 қазан – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні
Барлық топтағы мүгедек, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар
5,0 айлық есептік көрсеткіш
9
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
Барлық топтағы мүгедек, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар
5,0 айлық есептік көрсеткіш

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады