Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандақ мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 28/193 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда № 2550 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу аудандақ мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 18/145 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 30.10.2017 № 18/145 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/120 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2318 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 51 "Рауан" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:

      9 тармақта:

      3) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға – 20 000 (жиырма мың) теңге;";

      мемлекеттік тілдегі мәтінде 4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;";

      7) тармақша алынып тасталсын;

      11, 12, 13 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын: онкологиялық, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымынан шыққандарға, иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға өтініштері бойынша, мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы берілмеген кезде, табыстарын есепке алмай 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      12. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген тұлғаларға, өтініш бойынша, табыстарын есепке алмай, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      13. Өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша кедейлік шегінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге, емделуге, дәрі – дәрмек алуға, отбасының бір мүшесі қайтыс болуына байланысты, өтініш бойынша, бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Шекті шама 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.";

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Қ.Еламанов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Ш.Азанов

Аудандық мәслихат


хатшысы

А.Ұлұқбанов


      "КЕЛІСЕМІН"

      "Бейнеу аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      Б.Әзірханов

      24 қараша 2014 жыл

      "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.Өмірбеков

      24 қараша 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады