Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 28/192 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда № 2551 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 27/226 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.11.2018 № 27/226 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімде № 11-3-134 болып тіркелген, "Рауан" газетінде 2012 жылғы 17 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:

      2 тармақтың 5 абзацы алынып тасталсын;

      12 тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Қ.Еламанов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Ш.Азанов

Аудандық мәслихат


хатшысы

А.Ұлұқбанов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Бейнеу аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      Б.Әзірханов

      24 қараша 2014 жыл

      "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.Өмірбеков

      24 қараша 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады