2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 66-қ қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 08 сәуірде № 2382 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. 2014 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, олардың түрлері, қатысушылардың еңбекақы мөлшері, жолданатын жұмыссыздардың саны, нақты шарттары және оларды қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ.Рысбаев):
      1) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жолдануын;
      2) қаулының интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Б.Бекқайыровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Әкім                                    Ә. Дауылбаев



      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қарақия аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      Қ.Рысбаев
      11 наурыз 2014 жыл
 
 

Қарақия ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 66-қ қаулысына қосымша
 

2014 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, олардың түрлері, қатысушылардың еңбекақы мөлшері, жолданатын жұмыссыздардың саны, нақты шарттары және оларды қаржыландыру көздері
 

Ұйымдар тізбесі

жолданатын жұмыссыз-
дар саны

Бір адамға төленетін еңбекақы мөлшері теңге (ең төменгі еңбекақының 1,5 мөлшерінде)

Қоғамдық жұмыс түрлері

Нақты шарттары

Қаржыланды-
ру көздері

1

«Құрық селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

40

19966

Маманның көмекшісі, ескертпе тарату бойынша агенттер, әскер қатарына шақыру қағаздарын таратушы, хат тасушылар.

3 айдан 6 айға дейін сағат 9.00- ден 18.00-ге дейін, 5 жұмыс күні

Жергілікті бюджет

2

«Жетібай селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

45

19966

Маманның көмекшісі, ескертпе тарату бойынша агенттер, әскер қатарына шақыру қағаздарын таратушы, хат тасушылар.

3 айдан 6 айға дейін сағат 9.00 -ден 18.00-ге дейін, 5 жұмыс күні

Жергілікті бюджет

3

«Мұнайшы селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

25

19966

Маманның көмекшісі, ескертпе тарату бойынша агенттер, әскер қатарына шақыру қағаздарын таратушы, хат тасушылар.

3 айдан 6 айға дейін сағат 9.00- ден 18.00-ге дейін, 5 жұмыс күні

Жергілікті бюджет

4

«Сенек селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

10

19966

Маманның көмекшісі, ескертпе тарату бойынша агенттер, әскер қатарына шақыру қағаздарын таратушы, хат тасушылар.

3 айдан 6 айға дейін сағат 9.00- ден 18.00-ге дейін, 5 жұмыс күні

Жергілікті бюджет

5

«Бостан селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

15

19966

Маманның көмекшісі, ескертпе тарату бойынша агенттер, әскер қатарына шақыру қағаздарын таратушы, хат тасушылар.

3 айдан 6 айға дейін сағат 9.00- ден 18.00-ге дейін, 5 жұмыс күні

Жергілікті бюджет

6

«Құланды селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

15

19966

Маманның көмекшісі, ескертпе тарату бойынша агенттер, әскер қатарына шақыру қағаздарын таратушы, хат тасушылар.

3 айдан 6 айға дейін сағат 9.00 -ден 18.00-ге дейін, 5 жұмыс күні

Жергілікті бюджет

7

«Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

5

19966

Маманның көмекшісі, ескертпе тарату бойынша агенттер, хат тасушылар.

3 айдан 6 айға дейін сағат 9.00- ден 18.00-ге дейін, 5 жұмыс күні

Жергілікті бюджет

8

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Маңғыстау облысының Әділет департаменті Қарақия ауданының әділет басқармасы

5

19966



Маманның көмекшісі, ескертпе тарату бойынша агенттер, хат тасушылар.



3 айдан 6 айға дейін сағат 9.00- ден 18.00-ге дейін, 5 жұмыс күні



Жергілікті бюджет


Барлығы:

160






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады