Қарақия ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 18/196 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 мамырда № 2437 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қарашадағы № 45/452 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 27.11.2020 № 45/452 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 және 39-3 баптарына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қарақия ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).

      3. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімді мемлекеттік тіркелгеннен кейін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М.Аманиязова

Аудандық мәслихаттың


хатшысы

А. Мееров


  Қарақия аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 сәуірдегі
№ 18/196 шешімімен бекітілген

Қарақия ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарақия ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 39-3 баптарына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауданның ауылдары мен ауылдық округтері тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Қарақия ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын), жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиынның өкілеттіліктері

      3. Бөлек жиынға қатысушылар күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды:

      1) аудан мәслихатына, ауданның, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу;

      2) әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша олардың есептерін тыңдау және талқылау;

      3) аудандық мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерін тыңдау және талқылау;

      4) жергілікті қоғамдастық жиыны айқындаған жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер.

      3. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      4. Бөлек жиынды ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Қарақия ауданы әкімінің бөлек жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      5. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық "Қарақия" газеті арқылы және аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында (www.каrakia.mangystau.gov.kz) олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      6. Ауыл, ауылдық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдың, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      7. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, ауылдық округтің, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің, қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      8. Бөлек жиынды ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауыл, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      9. Бөлек жиынына қатысу үшін ауыл, ауылдық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауылдың және ауылдық округтің аумағындағы көшенің, көппәтерлі тұрғын үй сайлаушыларының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде ұсынады. Бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

      Бөлек жиынына қатысу үшін ауыл, ауылдық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      10. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      11. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      12. Бөлек жиын оған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі. Бөлек жиындары өкілдердің қатысуымен өткізілген жағдайда, бөлек жиын оған ауыл, ауылдық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жиындарында сайланған өкілдердің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      4. Бөлек жиынының шешімі

      13. Бөлек жиынының шешімі, егер оған бөлек жиынына қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      Ауыл және ауылдық округ әкімі бөлек жиынының шешімімен келіспейтінін білдіруге құқылы, бұл осындай келіспеушілікті туғызған мәселелерді қайтадан талқылау арқылы шешіледі.

      Ауыл және ауылдық округ әкімдері келіспеушілігін туғызған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім Қарақия аудандық мәслихатының отырысында оны алдын ала талқылағаннан кейін шешеді.

      14. Бөлек жиынында қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратылады.

      Бөлек жиынының шешімінің қорытындылары бойынша ауыл, ауылдық округ әкімдері шешім қабылдайды.

      5. Қорытынды ережелер

      15. Бөлек жиынын өткізу барысында жергілікті қоғамдастықтың мүшелері қоғамдық тәртіпті сақтаулары қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады