Қарақия аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 шілдедегі № 11/120 "Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 22/227 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қазанда № 2514 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28 наурыздағы 2024 жылғы № 13/105 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 28.03.2024 № 13/105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2012 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 шілдедегі № 11/120 "Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2286 болып тіркелген, 2013 жылғы 15 тамызда № 33 (544) "Қарақия" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:

      2 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      3 тармақтағы "сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй - жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге," деген сөздер алынып тасталсын;

      7 тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).

      3. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің 1 тармағының 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Е.Есенқосов

Аудандық мәслихаттың хатшысы

А. Мееров


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Рысбаев Қайрат Ерсұлтанұлы

      2014 жыл 15 қыркүйек

      "Қарақия аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Әбдіхалықова Әлия Жұмабайқызы

      2014 жыл 15 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады