Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 15/127 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 21/172 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 2556 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/52 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 21.10.2016 № 5/52 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 15/127 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2367 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 наурыздағы № 11 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
       15 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "15. Уәкілетті орган тиісті органдардан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.".
      2. Маңғыстау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрайымы Қ.Бөбетай) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ж.Керелбаева
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Қылаңов

      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
      21 қараша 2014ж.
      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Маңғыстау аудандық экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Шабикова Рима Нерражимқызы
      21 қараша 2014ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады