Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 15/127 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 наурызда № 2367 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/52 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 21.10.2016 № 5/52 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Қ. Бөбетай).
      3. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы шешімді аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін (Т. Қылаңов).
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Т. Абдулаева
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Қылаңов

      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
      11 наурыз 2014 ж.
      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Маңғыстау аудандық экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Шабикова Рима Нерражимқызы
      11 наурыз 2014 ж.

  Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы
11 наурыздағы № 15/127 шешімімен
бекітілген

Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидасы

      1. Осы Манғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", 1997 жылғы 16 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы", 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11342 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 28.04.2016 № 2/15 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы Қағида әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі - өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанға Маңғыстау облысы бойынша статистика органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері -Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы –отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс- тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      8) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган - "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган);
      9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Манғыстау облысы бойынша филиалы – "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаменті, Манғыстау аудандық бөлімшесі;
      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      12) әлеуметтік бейімдеу бойынша шаралар – қолданыстағы заңнамамен көзделген тәртіпте жергілікті бюджет қаражаты есебінен көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, мүгедектерді оңалту құралдары ретінде, сондай-ақ әлеуметтік қолдаудың өзге де шаралар түрінде (тұрғынүй көмегі, жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек) әлеуметтік кеңістігің жағдайларға бейімделу мақсатында берілетін шаралар;
      13) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
      14) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      15) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі-жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені.";
      Осы Қағидада қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мазмұнында қолданылады.
      Ескерту. 1 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 30.06.2015 № 25/208(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі; 08.07.2016 № 3/25(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)) шешімдерімен.
      2. Осы Қағида Маңғыстау ауданына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұратын тұлғаларға қолданылады.
      3. Әлеуметтік көмек деп өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне мұқтаж азаматтардың (бұдан әрі –әлеуметтік көмек алушылар) жекелеген санаттарына ақшалай немесе заттай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.
      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада қарастырылған тәртіппен көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органымен бекітілген ереже негізінде жүзеге асырады.
      Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін
айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін
белгілеу тәртібі

      7. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы орган белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
      4) күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспаса жан басына шаққандағы орташа табысы болуы.
      Ескерту. 7 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 30.06.2015 № 25/208(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Маңғыстау облыстық жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін, ШАК-ті қоспағанда, арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
      Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Ескерту. 9 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 30.06.2015 № 25/208(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей Орталықтың немесе өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органдар бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және /немесе/ құжатты ұсынады.
      12. Отбасы мүшелерін (адамды) әлеуметтік бейімдеу олардың жеке мұқтаждығына байланысты "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған әлеуметтік қолдаудың өзге де шараларын көздейді.
      Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
      Уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент үміткерге "Өрлеу" жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді және үміткер қатысуға келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізеді.
      Әңгімелесу жүргізу кезінде:
      1) үміткердің ШАК алуға құқығы;
      2) отбасы мүшелеріне олардың жеке мұқтаждықтары ескеріле отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;
      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.
      Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4, 5, 6 қосымшаларға сәйкес әңгімелесу парағы ресімделеді.
      Ескерту. 12 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 30.06.2015 № 25/208(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағиданың 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша, адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      15. Уәкілетті орган тиісті органдардан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
      Ескерту. 15 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 21.11.2014 № 21/172(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын, өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.
      19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағиданың 15 және 16 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      20. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешімі туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      21. ШАК алушылардың шоттарына төлемдер 025 "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу" жергілікті бюджеттік бағдарламасының екі кіші бағдарламасы бойынша бір мезгілде жүзеге асырылады.
      Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
      ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесеүшайүшінбірмезгілдетөленеді.
      ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
      Ескерту. 21 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 30.06.2015 № 25/208(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      22. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Бұйрығына сәйкес есептеледі.
      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша, ағымдағы қаржы жылына Маңғыстау аудандық бюджетімен қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

3-1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау

      25. ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім-шартын және отбасыға көмектің жеке жоспарын жасау үшін шақырады.
      Бұл ретте, осы Қағиданың 25-1 тармағында көзделген жағдайларды және 1,2 топтағы мүгедектерді, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған үміткерлерге "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.
      Жеке жоспар табысы аз азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін, өтініш берушімен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады және отбасын (азаматты) кәсіптік және әлеуметтік бейімдеу бойынша болжамды шараларды қамтиды, атап айтқанда:
      1) уәкілетті орган және (немесе) Жұмыспен қамту орталығының жәрдемдесуімен белсенді жұмыс іздеужәнеоларға ұсынылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
      2) кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілікті арттырудан өту;
      3) жеке кәсіпкерлік қызметті іске асыру, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу;
      4) халықтың нысаналы топтары мезгіл-мезгіл скринингтік тексеруден өту;
      5) отбасы құрамында жүкті әйел болған кезде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жүктіліктің 12 аптасына дейін медициналық есепке қою және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу;
      6) әлеуметтік мәні бар ауруы бар болған кезде (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) ерікті түрде емделу;
      7) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және (немесе) мүгедектерді оңалту шараларын уақытылы алу;
      8) табысы аз отбасының (азаматтың) жеке қажеттілігіне байланысты уәкілетті органның қарауы бойынша айқындалған, кәсіби және әлеуметтік бейімдеу бойынша басқа да шаралар.
      25-1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатысу:
      стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде);
      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.
      25-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажетболған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
      Отбасының белсенділігін арттырдың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, ШАК мөлшері қайта қаралмайды.
      25-3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызыпберіледі, екіншісі-жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сақталады.
      25-4. Отбасының белсенділігін арттыруды әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг шарт жасаған органмен жүзеге асырылады.
      25-5.Уәкілетті орган барлық кезеңде отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын сүйемелдеуді іске асырады және жеке жоспардың орындалуын бақылайды, сонымен қатар оның тиімділігін бағалауды жүргізеді.
      Ескерту. Шешім 3-1 бөліммен толықтырылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 30.06.2015 № 25/208(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату
және қайтару үшін негіздемелер

      26. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады;
      5) отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшартын және әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамауы және (немесе) бұзылуы.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлардың туындаған айынан бастап тоқтатылады.
      Ескерту. 26 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 30.06.2015 № 25/208(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы
11 наурыздағы № 15/ 127 шешіміне
1 қосымша

      Отбасының тіркеу нөмірі ________
      Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
      __________________________ ______________________
       (өтініш берушінің Т. А. Ә.) (үйінің мекен-жайы, тел.)


р/с/
Отбасы мүшелерінің
Т. А. Ә.
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
 
Туған күні мен жылы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Өтініш берушінің қолы _____________________ Күні ___________________
      Отбасының құрамы туралы
      мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
      органның лауазымды
      адамының Т. А. Ә.
      _________________________
      (қолы)

  Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы
11 наурыздағы № 15/ 127 шешіміне
2 қосымша

      Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының)
      мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
      АКТІСІ
      20__ ж. "____"___________________
      _________________________________
      (елді мекен)
       1. Өтініш берушінің Т.А.Ә._____________________________________
       2. Тұратын мекен-жайы _________________________________________
       ______________________________________________________________
       3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай ________________________________________________________________
       4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі)_______ адам, оның ішінде:

p/c

 
Т.А.Ә.
 
Туған күні
 
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
 
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)
 
Жұмыспен қамтылмау себебі
 
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер
 
Өмірлік қиын жағдай
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       Еңбекке жарамды барлығы__________________________________ адам.
       Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______________ адам.
       Балалардың саны_______________________________________________:
       Жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар_________адам, оқу құны жылына _______________ теңге.
       Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) __________________________________________________________________________________________________________________________________________
       5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше-көрсету керек): ____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
       Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:_________________________
      _____________________________________________________________________
       Отбасының табысы:

р/с
 

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.
Табыс түрі
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер
тоқсанға
орта есеппен айына
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       6. Мыналардың:
       автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)_______________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)_______________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
       7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
       8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі).
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
       9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
       10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
      _____________________________________________________________________
       Комиссия төрағасы: ___________________ ________________________
       Комиссия мүшелері: ___________________ ________________________
       ___________________ ________________________
       ___________________ ________________________
       (қолдары) (Т.А.Ә.)
       Жасалған актімен таныстым:_____________________________________
       (өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы)
       Тексеру жүргізілуден бас тартамын _____________________________
       өтініш берушінің (немесе отбасының мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
      _____________________________________________________________________
      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы
11 наурыздағы № 15/127 шешімімен
3 қосымша

      Учаскелік комиссияның №________ қорытындысы
      20 __ ж. "____"_______________
      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
      _____________________________________________________________________
       (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
      _____________________________________________________________________
       (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
      Комиссия төрағасы: ___________________ ___________________________
      Комиссия мүшелері: ___________________ ___________________________
       ___________________ ___________________________
       ___________________ ___________________________
       ___________________ ___________________________
       (қолдары) (Т.А.Ә.)
      Қорытынды
      қоса берілген құжаттармен
      _____данада 20 __ ж. "____" ___________________қабылданды
      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы_________________

  Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы
11 наурыздағы № 15/127 шешімімен
4 қосымша

      Әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек
      көрсету үшін әңгімелесу парағы
      Ескерту. Шешім 4 қосымшамен толықтырылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 30.06.2015 № 25/208(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Өтініш берушінің Т.А.Ә.______________________________________________
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә._______________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде
      шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн _____________________________
      Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы: ___________________
      Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс
      орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):

Отбасы мүшелері
Кәсібі
Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері
Жалпы жұмы сөтілі
Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі
Еңбек дағды лары мен шеберлігі
Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы
Өтініш беруші
 
 
 
 
 
 
Зайыбы (жұбайы)
 
 
 
 
 
 
Басқаересектер
 
 
 
 
 
 
Өтініш беруші
 
 
 
 
 
 

      
      Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
      Өтініш беруші: ______________________________________________________
      Зайыбы (жұбайы): ____________________________________________________
      Отбасының басқада ересек мүшелері: __________________________________
      Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас ____________________________
      _____________________________________________________________________
      Отбасындағы қиындықтар ______________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі маманының бағасы _______________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), некедергі
      келтіреді ___________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы _________________________
      _____________________________________________________________________
      Басқа________________________________________________________________
      Тараптардың қолы
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік Қатысушы(лар)
      бағдарламалар бөлімі ______________(қолы) _______________(қолы)
       _____________ (күні) _______________ (күні)

  Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы
11 наурыздағы № 15/127 шешімімен
5 қосымша

      "Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш берушінің отбасылық және
      материалдық жағдайы туралы сауалнама
      Ескерту. Шешім 5 қосымшамен толықтырылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 30.06.2015 № 25/208(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер
Т.А.Ә.
Туғанкүні
Туыстық қатынасы
Негізгі қызметі (жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала)
Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны
15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтынқұжаты бар білімі)
 
 
Өтініш беруші
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Басқа мекенжай бойынша тіркелген отбасы мүшелері туралы мәліметтер (зайыбы/жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалары)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымға бара ма ________________________________________________________________

Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректер шартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады.
р/с

Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
Жұмыс, оқу орны (жұмыссыз адам тіркеу фактісін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы негізінде растайды)
Құжаттармен расталған табыс сомасы
Өзге де мәлімделгентабыстар
еңбек қызметінен түскен табыстар
зейнетақылар,жәрдемақылар
кәсіпкерлік қызметтен түскентабыстар
стипендия
алимент
өзге де табыс
тар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      *Отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы:тұрғын алаңы: __________ шаршы метр; меншік нысаны: _______________________________________________;
      ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны_______________;
      тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда, жөнделмеген);
       қажеттісінің астын сызу
      үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, саман, іргетасы жоқ саман, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй);
       қажеттісінің астын сызу
      тұрғын үйдің жайластырылуы (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме, лифт, телефон және т.б.)
       қажеттісінің астын сызу
       Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы шаруашылықты иеленуі туралы мәліметтер:

Мүліктің түрі
Мүліктің сипаттамасы (саны, көлемі, үлгісі және т.б.)
Тиесілігі
 
 
 
 
 
 

      
      Отбасымүшелерінің денсаулық жағдайы, мүгедектіктің, аурулардың болуы (тексеруден қашан және қайдан өтті, қандай ем қабылдайды, диспансерлік есепте тұрама), соңғы жылдары болған операциялар немесе жарақаттар: _________________________________________________________
      өтініш беруші _______________________________________________________
      зайыбы (жұбайы) _____________________________________________________
      балалар _____________________________________________________________
      басқа да туысқандар _________________________________________________
      16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар) алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер: ________________________________
      Отбасының материалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
      . тамақтануға да жетпейді
      . тамақтануға ғана жетеді
      . тамақтануға және бірінші қажеттіліктегі заттарға ғана жетеді
      . балаларды киіммен, аяқкиім мен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ
      Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш берушінің пікірі)
      ____________________________________________________________________
      Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса аласыз:
      . бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
      . іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына орналасу;
      . микрокредит беру;
      . кәсіптік оқу (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
      . әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
      . "Жастарпрактикасына" қатысу;
      . әлеуметтік-экономикалық әлеуетіт өмен елді мекендерден әлеуметтік экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      ______________ ____________________ ______________
       (күні) (Т.А.Ә.) (қолы)

  Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы
11 наурыздағы № 15/127 шешімімен
6 қосымша

      "Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш
      Ескерту. Шешім 6 қосымшамен толықтырылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 30.06.2015 № 25/208(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      _____________________________________________________________________
       (облысы, ауданы, елді мекені)
      жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне _______________
      _____________________________________________________________________
       (елді мекені, ауданы) (көше, үй және пәтер №, телефон)
      мекен жайы бойынша тұратын __________________________________________
       (өтініш берушінің Т.А.Ә.)
      жеке куәлік № _______________________________________________________
      берілген күні _______________________________________________________
      ЖСН _________________________________________________________________
      Өтініш
       Мені (менің отбасымды) жобаға қабылдауды және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек тағайындауды сұраймын. Осы арқылы жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін менің отбасымның мүшелері туралы ақпаратты (табыс, білім, негізгі қаражат) пайдалануға, сондай-ақ тиісті ақпаратты мемлекеттік органдарда тексеруге, сәйкестікке келтіруге және жаңартуға келісім беремін. Мен берген ақпараттың құпия екендігі және ол әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін ғана пайдаланылатыны туралы маған хабарланды.
       Менің отбасым (мені қоса алғанда) _____ адамнан тұрады.
      Отбасы құрамында өзгерістер болған жағдайда, ол туралы он бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін. Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы маған ескертілді. Мен атаулы әлеуметтік көмектен (отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылған жағдайда) бас тартамын және менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" Маңғыстау облыстық филиалы базасындағы деректермен салыстырып тексеруге келісемін.
      "___" __________ 20 __ж _______________________
       (күні) (өтініш берушінің қолы)
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтік белгілері үшін
      _____________________________________________________________________
      Құжаттар қабылданды "___" ______ 20__ ж. _____________________________________________________________________
       (күні) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
      Отбасының тіркеу нөмірі | |
      Өтініш қоса берілген құжаттармен "___" __________ 20___ ж. учаскелік комиссияға берілді.
      "___" __________ 20__ ж. қабылданды.
      Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және қолы
      _____________________________________________________________________
      Өтініш берушінің қолы _______________________________________________
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттардың қабылданған күні туралы уәкілетті органның белгісі "___" ___________ 20__ ж
      Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы ________________
      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
       (қию сызығы)
       Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілдім.
      Азамат _________________________________________ өтініші қоса берілген _________ данадағы құжаттармен, отбасының _____________ тіркеу нөмірімен "___" ___________________ 20_____ ж қабылданды.
      Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы
      ____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады