2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 85 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 мамырда № 2417 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж.Ж. Төлеген) 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшерін көзделген қаржыландыру жоспары шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.К. Утесбаева) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және Түпқараған ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А. Алтынғалиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімінің м.а.                     Б. Ерсайынұлы
 
 

Түпқараған ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 15 cәуірдегі
№ 85 қаулысымен бекітілген


Түпқараған ауданы бойынша 2014 жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, республикалық бюджет есебінен жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
 

Мектепке дейінгі мекеменің атауы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)

Бала-
бақша (мем-
лекет-
тік/ жеке меншік)

Балалар толық күн болатын мектеп жанында-
ғы шағын орталық

Бала-
лар толық күн бола-
тын жеке меншік шағын орта-
лық

Бала-
бақша (мем-
лекет-
тік/
жеке меншік)

Балалар толық күн болатын мектеп жанында-
ғы шағын орталық

Балалар толық күн болатын жеке меншік шағын орталық

Бала-
бақша (мем-
лекет-
тік/
жеке меншік)

Балалар толық күн болатын мектеп жанында-
ғы шағын орталық

Балалар толық күн болатын жеке шағын орталық


Түпқара-
ған ауданы
560 95 100 22 223 13 024 26 092 8190 8190 х


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады