2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 06 наурыздағы № 74-қ қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 2390 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
      1. 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Мұнайлы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (м.а. Қ.Озғанбаев):
      осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Тәжібаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Әкімнің міндетін атқарушы               Н. Жолбаев
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Мұнайлы аудандық экономика
      және қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Ш. Сұңғат
      06 наурыз 2014 жыл



Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 06 наурыздағы
№ 74-қ қаулысына қосымша
 

Мұнайлы ауданының 2014 жылғы мектепке дейінгі ұйымдардағы мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-аналардың төлемақы мөлшері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 03.09.2014 № 283-қ (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
 

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық

орналасуы (аудан, қала)

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Дербес балабақша

Дербес толық күндік шағын-орталықтар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Дербес балабақша

Дербес толық күндік шағын-орталықтар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Дербес балабақша

Дербес толық күндік шағын-орталықтар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар


Мұнайлы ауданы

14

70

338

1165

х

х

23032

22044

230

32

х

х

8190

8190

х

х

х


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады