"2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 наурыздағы № 74-қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 03 қыркүйектегі № 283-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет Департаментінде 2014 жылғы 08 қазанда № 2507 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 наурыздағы № 74-қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2390 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 18 сәуірде жарияланған):
      қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Мұнайлы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Е.О. Овезов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау білім саласына жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Әкімнің міндетін атқарушы               Н. Тәжібаев
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Мұнайлы аудандық экономика және
      қаржы бөлімінің басшысы
      Ш. Сұңғат
      03 қыркүйек 2014 жыл
 
 

Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 03 қыркүйек
№283-қ қаулысына қосымша
 
 

Мұнайлы ауданының 2014 жылғы мектепке дейінгі ұйымдардағы мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-аналардың төлемақы мөлшері.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық

орналасуы (аудан, қала)

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Дербес балабақша

Дербес толық күндік шағын-орталықтар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Дербес балабақша

Дербес толық күндік шағын-орталықтар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар

Балабақша

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Дербес балабақша

Дербес толық күндік шағын-орталықтар

Дербес жарты күндік шағын-орталықтар


Мұнайлы ауданы

14

70

338

1165

х

х

23032

22044

230

32

х

х

8190

8190

х

х

х


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады