Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 16.01.2020 № 7 - қ(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашасындағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 410 Жарлығына және "Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1672 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Мұнайлы аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Әбдіхалық) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Жолбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Е. Әбілов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушы көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б. Әбдіхалық
20 қазан 2014 жыл
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазан № 362-қ қаулысымен бекітілген |
"Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Мұнайлы ауданының әкімшілік аумақтық шеңберінде тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен
"Мұнайлы аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
6. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
7. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы 130006 Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосы аудан әкімдігінің ғимараты.
8. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
9. Осы Ереже "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
10. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
11. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Мұнайлы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi
орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
12. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.
2. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Жеке және заңды тұлғалармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары мәселелерін реттеу бойынша өзара іс-қимыл жасау.
14. Міндеттері:
аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, автомобиль жолдары қызметтері салаларында мемлекет саясатын жүргізу;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тексеру жүргізу арқылы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қызметтер туралы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де міндеттерді атқару.
15. Функциялары:
аудан аумағында тұрғын-үй коммуналдық және жол шаруашылығы туралы заңнамалар мен өзгедей жобалық құжаттамалар талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
жергілікті атқарушы органдарға нысандар мен кешендерді орналастыру, құрылыстарды, ғимараттарды, имараттарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық жағынан қайта жарақтау, жетілдіру, қайта құрылымдау, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жөнінде, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тұмшалау, объектілерді қайта пайдаға жаратқаннан кейінгі жұмыстар кешенін жүргізу туралы ұсыныстар даярлау;
аудан аумағын кешенді әлеуметтік-экономикалық дамытудың ағымдағы және келешектік міндеттерін шешуге бағытталған іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және жоспарлау;
аудан аумағындағы тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
салынған объектілерді пайдалануға беру жөніндегі қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды даярлауға қатысу;
құрылыс салуға, тұрғын үй құрылысын салуға, тұрғын үй - коммуналдық және жол шаруашылығына бағытталатын мемлекеттік қаражатты бөлу және құрылыс жүргізу үрдісін мемлекеттік реттеуге қатысу;
құрылыс тәжірибесіне ғылыми-техникалық жетістіктерді, отандық және әлемдік озық тәжірибені енгізу жолымен тұрғын және қоғамдық ғимараттардың, ғимараттар мен кешендердің техникалық экономикалық деңгейі мен құрылымдық орнықтылығын арттыру шешімдерінің, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің басым бағыттарын айқындау;
аудандық маңыздағы көлік инфрақұрылымы объектілерінің құрылысын салу мен пайдалануын ұйымдастыру;
мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес аудандық маңыздағы жолдардың құрылысын салу, қайта құрылымдау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
жолаушылардың ауданаралық (селолық) көліктік қатынасын ұйымдастыру;
теміржол және автомобиль жолдары бекеттерінің, автотұрақтар мен тұрақты қалааралық және ауданаралық жолаушылар тасымалы сапарларының тізілімін жүргізу;
аудандық маңыздағы жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін уәкілетті мемлекеттік органның бекітуіне ұсыну;
жалпы пайдаланылатын аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын, тиісті аумақтар шегінде елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
коммуналдық меншікте тұрған жолдар мен коммуналдық жол кәсіпорындарын басқару, сондай-ақ оларды қаржыландыру бойынша жергілікті бюджет баптарын орындауды жүзеге асыру;
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау жасауды жүзеге асыру;
аумақтағы көліктік және коммуналдық шаруашылық саласындағы әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындар қызметін үйлестіру;
темір жол станциясы жұмыс режиміне, сондай-ақ барлық немесе жекеленген операцияларды орындау үшін оны ашуға және жабуға келісім беру;
көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссияның жұмысына қатысу;
жол қызметін қаржыландыруға бағытталатын қаражаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану тәртібін айқындау және оның мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;
жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысын салу, жөндеу, ұстау және көгалдандыру бойынша орындаған жол жұмыстарының сапасын бақылау мен қабылдауды жүзеге асыру;
осы Ережемен бекітілген мекеменің қызметі шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алудың конкурстарын өткізуді ұйымдастыру;
автомобиль жолдарының жобалық-сметалық құжаттамаларының сараптамасына қатысу үшін білікті мамандарды тарту;
жол құрылысы және жөндеу жұмыстарының барысында нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін келісім–шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындарды тарту;
жолдың көліктік пайдалану сапасының төмендеуін болдырмау, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шартымен қызмет көрсету және жарнама нысандарын орнату үшін шарттық негіздерде жол органдары пайдаланбайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдардың кесінді жолақтарында орналасқан жер учаскелеріне жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзімге жер пайдалану құқығын беруге келісуді қамтамасыз ету заңнамаға сәйкес жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары желілеріне жол жұмыстарын және жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсетулерді орындауға конкурстар өткізу;
тұрақты жолаушылар маршруттарын ұйымдастыруға келісім- шарттар жасау және келісу;
жолаушылар тасымалы қозғалысының белгіленген кестесінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
ауданішілік қатынаста жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбасы мен жол қозғалысын ұйымдастыру жобасын әзірлеу;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау саласындағы шаруашылық қызметті үйлестіру;
мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру;
тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың кейбір санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;
қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алуды жүргізу;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалға беруді немесе жекешелендіруді жүзеге асыру;
аудандық тұрғын үй комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және комиссия отырысына құжаттарды уақытылы және толықтай ұсынуды қамтамасыз ету;
көппәтерлі тұрғын үйде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын бақылау;
тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттағы) үй-жайларды қайта жайластыруда жұмыстарды жүргізу нормалары мен ережелерінің сақталуын бақылау;
тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) жылу, энергия, газ және су ресурстарын реттеу, бақылау және есепке алудың ортақ құралдарының болуын бақылау;
тұрғын үй қорының және көппәтерлі үйлердегі үй-жай (пәтер) меншік иелерінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп-ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстардың уақытылы орындалуын қадағалау;
тұрғын үй қоры мен көппәтерлі үйлердегі үй-жай (пәтер) меншік иелерінің ортақ мүлкін маусымдық пайдалануға дайындау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды бақылау;
тұрғын үй қоры мен көппәтерлі үйлердегі үй-жай (пәтер) меншік иелерінің ортақ мүлкінде жылу, энергоресурстар мен судың тиімді пайдалануын бақылау;
анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамаларды орындауды қадағалау;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасын мемлекеттік бақылау;
төтенше жағдайлар жөніндегі азаматтық қорғаныс штабының жұмысын жоспарлауды, төтенше жағдайлар желісі бойынша формулаландырылған құжаттарды жасақтауды, төтенше жағдайлар кезінде ұйымдастыру жұмыстарымен шұғылдануды қамтамасыз ету;
болуы мүмкін апаттардың алдын алуға, олардың материалдық зияндарын төмендетуге, аудандағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ұсыныстарды аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының қарауына енгізу;
аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының жұмысын ұйымдастыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
тұрғын үй қорының, автомобиль жолдарының техникалық жай - күйіне, аумақтардың абаттандырылуы мен безендірілуіне, сондай-ақ коммуналдық кәсіпорындардың жұмысына бақылау жасауды жүзеге асыру;
барлық тұрғын үйлерде, азаматтық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, көліктік және коммуналдық құрылыс пен қайта жаңарту объектілеріне, сондай-ақ олардың ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарын шығаратын аудан аумағында тұрған кәсіпорындарда бөгеусіз болу;
мекемеге жүктелген міндеттер мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпаратты, олардың меншік нысанасына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің ұйымдарды лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан сұратып алу;
мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен меншік нысанына қарамастан ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс қимыл жасауға;
қолданыстағы заңнамалар талаптарына сәйкес жөндеу, құрылыс және жұмыстардың басқа да түрлерінің одан әрі жүргізілуін тоқтата тұру;
өз құзыреті шегінде тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жұмыстар жүргізу;
шетелдермен ғылыми-техникалық және экономикалық қарым-қатынасты жүзеге асыруға қатысуға, өз құзыретінің шегінде, ұйымдар мен кәсіпорындардың шетелдік жетекші фирмаларымен байланыс орнатуына ықпалды жәрдемдесу;
төтенше мән-жайлар пайда болған кезде тасымалдауды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдау;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындау;
кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiне күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған, тұрғын үй көмегiнiң қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келiсу;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
тексеру жүргiзу барысында қызметтiк куәлiк көрсете отырып тексерiлетiн нысанға бөгетсіз кіру;
тексеру жүргiзу кезiнде кез келген қажеттi ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысу;
үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысына уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кооператив басқармасының төрағасы қызметіне үміткерді ұсыну;
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеруді жүргізу;
тексеріс жүргізу уақытында тексерілетін нысанның белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу;
тексеріс жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;
тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасау;
тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою бойынша орындауға міндетті нұсқамаларды шығару;
белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға міндетті.
3. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру
17. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асырылуына дербес жауапты болатын бірінші басшысы (бөлім басшысы) жүзеге асырады.
18. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын Мұнайлы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке дара жауапкершілік артады;
бөлімнің сектор меңгерушісі мен мамандарының міндеттері мен өкілеттерін айқындап белгілейді;
заңмен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлімнің қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар беру мәселелерін қарайды;
мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдар мен өзара қарым-қатынасында бөлімде уәкілдік етеді;
бөлім бұйрықтарына қол қояды, белгіленген еңбекке ақы төлеу қоры мен штат санының лимиті шегінде бөлім құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
бөлім қызметінің нәтижелері үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен көзделген тәртіпте жауапкершілік артады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауап береді;
қолданыстағы Заңңамаға сәйкес бөлімнің міндеттерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi
21. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
"Мұнайлы аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
22. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату.
24. "Мұнайлы аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың тізбесі.
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Маңғыстау Жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
2. Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Маңғыстауэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.