"Көшеге атау беру туралы" Дәулет ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Дәулет селолық округінің әкімінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 38 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет Департаментінде 2014 жылғы 18 желтоқсанда № 2554 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Дәулет ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Дәулет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Дәулет ауылдық округінің әкімінің 18.10.2017 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. "Көшеге атау беру туралы" Дәулет ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 43 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 6 қазанында № 11-7-80 болып тіркелген, "Мұнайлы" газетінде 2010 жылдың 8 қазанында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі және 1-тармағындағы "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      2. "Дәулет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы (Е. Козбагаров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім

С. Қартбайұлы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады