Дәулет ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 10 қарашадағы №38 "Көшеге атау беру туралы" Дәулет ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Дәулет ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 18 қазандағы № 111 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 қарашада № 3452 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, Дәулет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Дәулет ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 10 қарашадағы №38 "Көшеге атау беру туралы" Дәулет ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі №43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2554 болып тіркелген, 2015 жылдың 05 қаңтарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Дәулет ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Дәулет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. "Дәулет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маман-заңгері (Ж. Асанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ғ. Жолдасбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады