Облыс әкімдігінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 5б және облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 347 "Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті ең жоғары көлемі туралы"

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 3 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № 261 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 сәуірде № 4632 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 5б және Қостанай облыстық мәслихатының 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 347 "Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті ең жоғары көлемі туралы" қаулысы мен  шешіміне(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3554 тіркелген, 2006 жылғы 3 қарашада "Қостанай таңы" газетінде және 2006 жылғы 7 қарашада "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мына редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (максималды) көлемі туралы", тақырыбы орыс тілінде өзгеріссіз қалады;
      жоғарыда көрсетілген қаулы мен шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай облысының әкімі
__________ Н. Садуақасов

Сессия төрайымы
________ Т. Булгацевич

Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
____________ С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
      министрлігі Жер ресурстарын басқару
      комитетінің Қостанай облысы бойынша
      аумақтық жер инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ______________ Т. Төлеубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады